Қазалы: Көпқабатты үйде мәселе көп

715

0

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентінің 5 квартал аймағынан жаңадан салынған 3 қабатты үйдің тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде тұрғындар көпқабатты үйдің мәселесі көп екенін алға тартты.
Олардың айтуынша «Көпқабатты үйдің ауласында автокөліктер ерсілі-қарсылы көп жүріп, балаларға зияны тиіп кете ме?» деп қорқатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, балалар үшін ойын алаңы салынса, одан бөлек, подъезге пандус, электрик қажет деген ұсыныстарын да айтып қалды.

Тұрғындар сонымен қатар, көпқабатты үйлердің ауласында қоғамдық тәртіп жоқтығын, жарық пен суға, жылуға әр пәтер иесі әртүрлі бағамен ақша төлеп отырғандығын жеткізді.

Жекелеген тұрғындар жалға берілген үйге барлық балаларын тіркеу мүмкін болмай отырғандығын айтты. Бұл өз кезегінде әлеуметтік көмек алуға кедергі келтіруде.

Тұрғындардың мәселесін тыңдап болған соң аудан басшысы әрбір ұсыныс-пікір мен сұрақтарға жеке-жеке жауап берді.

Сонымен қатар, дүйсенбі күні саған 18:00-де Әйтеке би кентінің әкімі, пәтер иелері кооперативінің төрағасы, жарық, су, жылу мекемелерінің басшылары мен халыққа қызмет көрсету орталығының директоры аранйы келіп, тұрғындармен кездесу өткізетінін айтты. Сол жерде әрбір тұрғынға жарық, су, жылуға төлейтін қаржы көлемі көрсетіліп, кездесуде айтылған кемшіліктерді ретке келтірудің жолдары қарастырылатын болады.

Көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров және тиісті бөлім мен коммуналдық қызмет мекемелерінің басшылары да қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<