Қазалыда жолаушыларға мерекелік дастархан жайылды

478

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Қазалы пайдалану вагон депосының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ерекше шара өткізді.

Қазалы теміржол вокзалына тұрақтаған жолаушылар пойызының жолаушылары үшін вокзал алаңында ақ дастархан жайып, ұлттық тағамдар ұсынды. Сонымен қатар жолаушылар қазақ халқының дәстүрлі сусындары — қымыз, шұбат және айраннан дәм татты.

Мерекелік іс-шара барысында ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен әсем әуендер шырқалды.

Өз кезегінде жолаушылар ілтипатты шараға ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын жеткізді.

Қазалыда жолаушыларға мерекелік дастархан жайылды