МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ КЕЗЕКТІ РЕЙДІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?
Қызылордадағы №4 емхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етілгендігі анықталды.
«СҚ-Фармация» ЖШС дәріханалық қоймасында дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар, медициналық ұйымдарға дәрілік заттарды жеткізу олардың өтінімдеріне сәйкес уақтылы жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ мониторинг «Шұғыла» м/а «Эко-Фарм» ҚФ ЖШС дәріханасында, «Шұғыла» м/а «Еврофарма» ЖШС дәріханасында, «Артемида-ЛГ» ЖШС «Адонис» дәріханасында, «Фарматека» ЖШС «Панацея» және «Доктор Плюс Фристайл» дәріханаларында жүргізілді.
ШЕКТІ БАҒАДАН АСЫРЫП САТУ ФАКТІСІ ОРЫН АЛДЫ
Мүсірепов көшесі, 73 мекен-жайында орналасқан ЖК «Ильяс и К» 911 дәріханасында тіркеу куәлігі РК-ЛС-5№0099498, «Хилак Форте, тамшылар, 100 мл» дәрілік затының шекті бөлшек сауда бағасынан асырып өткізілгені анықталды. Бұл дәрілік зат 3000 теңгеден өткізілді. Бұйрыққа сәйкес белгіленген шекті бөлшек сауда бағасы 2827,9 теңгені құрайды. Аталған факті бойынша дәріхананың фармацевтен түсініктеме алынды, заңнамаға сәйкес құжаттар жинақталуда
ТАПШЫ ДӘРІЛЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
09.07.2020 жылы «Фарматека» ЖШС-нің 14 дәріханасына бөлшек саудада өткізу үшін 6396 қорап мөлшерінде дәрілік заттарардың 57 сауда атауы (Натрия хлорид, L-тироксин, Бронхо-мунал, Калия хлорид, Кеторол және т.б..) түсті.
08.07.2020 жылы «Еврофарма» ЖШС-нің 15 дәріханасына бөлшек саудада сату үшін 750 қорап мөлшерінде дәрілік заттың 300-ден астам сауда атауы (Аскорбиновая кислота, Цеф III, Цефтриаксон, Амбробене, Анаферон, Бронхикум, Гексорал, Гроприносин, Доктор Мом сироп, Ибуфен, Инсти чай, Мегасеф, Натрия хлорид, Новокаин, Пиковит, Рыбий жир, Фервекс, Ципролет және т.б.). келіп түсті.
Қызылорда облысының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
қауіпсіздігін бақылау департаменті
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<