Қызылорда қаласы әкімдігі 2021 – 2022 жылдарға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасына ұсыныстарды қабылдау басталғандығын хабарлайды.
Жеңімпаздарды тұрғындар дауыс беру арқылы өздері анықтайды.
Тұрғындар ұсынған жобаларды қабылдау 2021 жылдың 26 сәуір – 12 мамыр аралығында жүзеге асырылады.
Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін сараптау комиссиясы оларды 15 жұмыс күні аралығында іріктейді және іріктеу аяқталғаннан кейін 10 күн аралығында тұрғындар дауыс береді.
«Халық қатысатын бюджет» жобасының мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде Қызылорда қаласының аумағын дамыту мен көркейту.
Жоба ұсынысының авторы Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматы, оралман, ел аумағында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам бола алады.
Жобалық ұсыныстарды әкімдіктің интернет ресурсы – Қызылорда қаласының әкімдігінің порталы арқылы беруге болады.
Сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/bnu/72?lang=kk
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<