Қызылорда облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2675

0

Инвестиция

ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасындағы меморандумға сәйкес 2020 жылы 230 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарланған болатын. Іс-жүзінде 2020 жылдың 12 айында 291,6 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе жос­пар 27 процентке артығымен орындалды.

Атап өту қажет, көрсеткіштің арты­ғымен орындалуына Қызылорда облысы­ның 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары әсер етті. Жоспар аясында 2020 жылы құны 7,1 млрд. теңге болатын 89 жоба іске қосылды.

Сондай-ақ, ШОБ субъектілерін қар­жылық қолдау мақсатында өңірдің барлық қаржы институттарын тарта отырып, жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыруға «Байқоңыр «ӘКК» АҚ қызметі толығымен қайта форматталды. «Байқоңыр «ӘКК» АҚ кәсіпкерлер үшін серіктес және инвестор болып табылады.

2020 жыл ішінде Қызылорда облысына инвестициялар тарту тетігін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылды, ол инвестиция тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға ықпал етті.

Іс-шаралар шеңберінде Өңірлік ин­вестициялық кеңестің 3 отырысы өткізіліп, онда 2 инвестициялық жобаны іске асыру барысы және 6 жаңа инвестициялық жобаның тұсаукесері, сондай-ақ өңірдің қаржы институттарының атқарған жұ­мы­сы туралы есеп және 2021 жылға арналған жоспарлар қаралды.

Кәсіпкерлікті

дамыту

2021 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5,1%-ке (+2360 бір­лік) ұлғайып, 48 657 бірлікке жетті.

Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 96 мың адамды, жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 18%-ті құ­рады. Өндірілген өнім көлемі – 390 млрд. теңге.

2020 жылы бөлшек сауда көлемі 298,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың деңгейінде сақталды.

Бүгінгі күні облыста 77 интернет-дүкен жұмыс жасайды.

Пандемия жағдайында бизнесті қол­дау 2020 жылы пандемия жағдайында өңірде кәсіпкерлік субъектілерінің 74%-нің қызметі ішінара тоқтатылып, оның ішінде азық-түлік емес тауарларының бөлшек сауда саласы, туризм саласы, қоғамдық тамақтану және мейрамхана, тұру және жолаушыларды тасымалдау қызметтерінде 10 мыңға жуық субъекті зардап шекті.

Мемлекеттің қолдау шарасы ретінде:

1) 54 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер берілді;

2) 8,5 мың ШОБ субъектісі міндетті әлеуметтік-сақтандыру жүйесіндегі тө­лем­дерден босатылды;

3) Шамамен 9 мың сауда алаңы (147 ірі сауда нысаны бойынша) жалпы құны 700 млн. теңге жалдамалық тө­лемдерден босатылды;

4) 356 мемлекеттік мүлікті жалға алып отырған 194 ШОБ субъектісі 60 млн. теңге көлемінде жалдамалық төлемнен босатылды;

5) Шамамен 8 мың ШОБ субъектісінің 11 млрд. теңгеден астам қарыздары ке­йінге қалдырылып, қайта құрылым­далды;

Облыстағы 128 тойхананың қыз­мет­терін өзге салаларға бағыттау жұ­мыстары басталды. 2021 жылдың 1 қаң­тарындағы жағдай бойынша 15 тойхана қызметтерін өзге салаларға қайта бағыттады (Арал ауданы 3 мейрамхана: «Ақниет», «Алмаз» және «Хан Шатыр», Қазалы ауданы 2 мейрамхана: «Наурыз», «Ақтілек», Қармақшы ауданы 4 мейрамхана: «Малике Ана», «Айқын», «Мирас», «Алтын Ғасыр», Жалағаш ауданы 1 мейрамхана «Береке», Сырдария ауданы 2 мейрамхана: «Ақжол», «Темірқазық», Қызылорда қаласы 3 мейрамхана: «Орда», «Ұлытау», «Арнау Палас»).

Микрокредит беруді ұлғайту үшін «Қызылорда» өңірлік инвестициялық ор­талығына әртүрлі көздерден 1,9 млрд. теңге тартылды.

Инвестициялық орталық 2020 жы­лы 1,3 млрд. теңгеге 251 жобаны несие­лендірді.

2020 жылы екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнеске 28,3 млрд. теңге, оның ішінде кәсіпкерлік сала­сындағы бағдарламалар аясында 473 жобаны іске асыруға 20 млрд. теңге берді.

– «Бизнестің жол картасы-2025» бағ­дарламасы аясында 9 млрд. теңгеге 239 жоба;

– «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2,1 млрд. теңгеге 60 жоба;

– «Жеңілдікпен несиелендіру» аясында 8,3 млрд. теңгеге 108 жоба;

– «Даму-Сырдария» бағдарламасы аясында 622 млн. теңгеге 66 жоба.

Айта кету қажет, 2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға 2,1 млрд. теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Оның ішінде:

– субсидия беруге 1,4 млрд. теңге;

– кепілдік беруге 535 млн. теңге;

– мемлекеттік гранттар беруге 182 млн. теңге бағытталды.

Жаңа бизнес-идеяларын іске асы­руға «Бизнестің жол картасы-2025» мем­лекеттік бағдарламасы аясындағы 78 ша­ғын және жас кәсіпкерлерге 181,5 млн. теңге бағытталды. 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын несиелер беруге 3,3 млрд. теңге қаржы қаралып, 2020 жыл ішінде  825 жоба несиелендірілді. Сондай-ақ, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ая­сын­дағы шамамен 2,8 млрд. теңге қай­тарымсыз гранттар 4770 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа табысталды.

Туризмді дамыту

«Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасына облыстан 3 нысан енгізілген, «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңақорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы.

«Қамыстыбас» көлінің жағалауында 104 демалыс үйі орналасқан, онда 22 кәсіпкер жұмыс істейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша демалушылар саны 90 000-нан асты. 2020 жылғы эпи­демиологиялық жағдайға байланысты Арал ауданы әкімдігінің бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 31 мамырдағы №9 қаулысына сәйкес жағажай қызметі 2020 жылдың шомылу маусымында жұмысын жүргізген жоқ.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто­магистралінің бойында сервис объек­тілерін дамыту бойынша жұмыс жал­ғасуда. Қызылорда облысының бөлігінде объектілер салу үшін 55 нүкте анықталды.

2020 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы инвестиция сомасы 6,4 млрд. теңгені құрайтын 30 нысан пай­далануға берілді (оның 15-і интернетке қосылған, POS-терминалдармен төлеу мүмкіндігі бар). 737 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жол бойындағы сервистің қол­даныстағы 30 объектісінің 19-ы «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілген.

Агроөнеркәсіптік

кешенін дамыту

Көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде өсудің оң серпіні бар.

2020 жылы облыстың ауыл шаруа­шылығы тауарөндірушілерін мемлекеттік қолдауға 14,8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5,0%-ке артық (14,1 млрд. теңге).

Оның ішінде:

– 3,9 млрд. теңгесі егін шаруашылығын қолдауға;

– 3,4 млрд. теңгесі мал шаруашылығын қолдауға;

– 7,5 млрд. теңгесі сыйақы мөлшер­лемесін субсидиялау, инвестициялық суб­сидиялауға, балық өсіру мен сапасын арттыруға және т.б.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыстың ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы шығарылымы 142,6 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 1,9%-ке артты.

Ауыл, орман және балық шаруашы­лығындағы инвестиция көлемі 13,6 млрд. теңгені немесе 206,8%-ті құрады.

2020 жылы 184,2 мың гектар ауылша­руашылық дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар – 99,6 мың гектар, майлы дақылдар – 5,7 мың, мал азықтық дақылдар – 61,0 мың, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 17,6 мың гектар. Негізгі дақыл – күрiштің алқабы 89,5 мың гектарды құрады.

Облыс бойынша күріш егісіне 100% жоғары репродукциялы тұқым себілді, оның ішінде отандық сорттардың үлесі 12 процентті құрады.

Егіс алқаптарын әртараптандыру ба­ғытындағы жұмыстар жалғасты. Өткен жылы қант құмайы 70 гектарға, соя 240 гектарға, жүгері дақылы 1 667 гек­тарға егілді. Тәлімдік жерлерді игеру жұмыстары басталды. Осы мақсатта, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар тәлімдік жерлерге күздік бидай егілді, нәтижесінде әр гектарынан 18,0 центнерден өнім алынды.

Суармалы суды тиімді пайдалану бо­йынша қабылданған шаралардың арқа­­сында күріш алқаптарын сумен қам­тама­сыз ету мәселелерін шешуге мүм­кіндік туды, соның нәтижесінде облыс диқанда­ры 551 мың тоннадан астам күріш жинап (61,8 ц/га), жоғары өнім алуға қол жет­кізді.

Дақылдардан жоғары өнім алу мақ­са­тында 2020 жылы 59,8 мың тонна мине­ралдық тыңайтқыштар пайдаланылды.

Күзгі егін жинау және дала жұмыс­тарын жүргізу үшін 12,5 мың тонна (шілде айына 800 тонна, тамыз айына 4390 тонна, қыркүйек айына 5143 тонна, қазан айына 2191 тонна) арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Сондай-ақ, облыстың шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 6,0 млрд теңгеге 145 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынып, 2020 жылға жоспар 120%-ке орындалды. 

Мал шаруашылығы саласында да өсудің оң серпіні қамтамасыз етілді. 2021 жылдың 1 қаңтарына 342,3 мың бас МІҚ тіркелді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,0%-ке артық, қой – 549,4 мың бас (116,5%), жылқы – 164,7 мың бас (111,0%) және түйе – 51,7 мың бас (107,7%).

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 100 бас МІҚ, 20491 бас қой сатып алу қамтамасыз етілді.

2020 жылы 38,5 мың тонна ет (тірі салмақта) және 89,9 мың тонна сүт өндірілді, 2019 жылмен салыстырғанда ет өндірісі 2,8%-ке, сүт өндірісі 2,4%-ке артты.

Облыстың ауыл шаруашылығы өнім­дерінің экспорттық әлеуеті өсуде.

Бүгінгі таңда облыс өнімдері 17 мемлекетке сәтті сатылуда (Ресей, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан, Польша, Литва, Моң­ғолия, Қытай, Ауғанстан, Ирак, Германия, Түркіменстан, Грузия, Чехия).

Сондай-ақ, өңір тұрғындарын әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 34,5 млрд. теңгені құрайтын  51 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.  

Оның ішінде, 2020 жылы жалпы құны 1,8 млрд. теңгені құрайтын 14  жоба іске қосылды (оның ішінде, ет бағытындағы МІҚ малын сатып алу жобалары, күріш зауыттары, мал бордақылау алаңдары, минералды тыңайтқыштарды өңдеу зауыты, репродуктор құру жобасы, асыл тұқымды ет бағытындағы шаруашылық құру, көкөніс қоймасы).

Сонымен қатар, бағаны тұрақтандыру және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қорына 4,1 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 1234,4 млн. теңге бөлінді.

Жалпы тұрақтандыру қорына 2020 жылдың басынан бері 6372,2 тонна өнім сатып алынып, 34 әлеуметтік сауда объектісінде төмендетілген бағамен 5153,6 тонна өнім сатылды.

Зиянкестерге қарсы фитосанитарлық іс-шараларды тиімді жүргізу мақсатында облыс аумағында үйірлі шегірткеге қар­сы 72,6 мың гектар, саяқ шегірткесіне қарсы 58,7 мың гектарға өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аймақта зиянкестер санының жыл са­йын азаюы байқалуда. Ауыл шаруашылы­ғы дақылдары мен жайылымдарға залал келтірілген жоқ.

Ветеринария

Облыс аумағында эпизоотиялық тұ­рақ­тылықты қамтамасыз ету үшін 15 аса қауіпті жұқпалы ауруға қарсы іс-шаралар жүргізілді (984,6 млн. теңгеге 5641,1 мың доза ветеринариялық препараттар жеткізілді).

Бруцеллез ауруына қарсы диагнос­тикалық тексеру нәтижесінде барлығы 91 бас мал анықталды, оның ішінде 27 бас мүйізді ірі қара, 64 бас уақ мал, барлығы ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды.

2020 жылы 7 типтік (Арал – 5, Жала­ғаш – 2) жобадағы мал қорымы салынды, 117 қолайсыз елді мекендерде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына дезинсекция жұмыстары жүргізілді.

Экология және

мелиорация

Суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары аясында облыс­та бірқатар жобаларды іске асыру жұмыс­тары жүргізілуде.

Атап айтқанда, «Ирригациялық-дре­наждық жүйелерді жетілдіру» жобасының 2-ші фазасы (ПУИД-2 жобасы) жалғасуда. Жобаға сәйкес 2020 жылы 2,2 млрд. теңгеге Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтерінде) 15,1 мың гектар суармалы жерлерін қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар 2021 жылы жалғасады.

Сонымен қатар, 2020 жылы апаттық жағдайда тұрған «Қызылорда» және «Әйтек» су тораптарын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

Жаңақорған ауданында «Жиделі» су қоймасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «Қараөзек», «Күміскеткен» су қоймаларының құры­лы­сын салудың және «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұ­мыс­тары басталды.

«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу»  (САРАТС-2)  жобасының 2-ші фазасын жүзеге асыру бойынша нақты шешім қабылдануда.

САРАТС-2 жобасының 6 компонентінің 4-уі республикалық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылатындығын ескере отырып солтүстік Арал теңізін және Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігін кешенді дамыту бойынша жаңа тәсіл айқындалып, САРАТС-2 жобасының атауы «Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру және аумақтық даму» болып өзгертілді. Жобаның құны шамамен 190 млн. АҚШ долларын құрайды.

Жоба 3 компоненттен тұрады:

1) Су шаруашылығы инфрақұрылымын жетілдіру және САТ (Солтүстік Арал теңізі) – Сырдария өзені бассейнінде гидро­логиялық режимін жақсарту;

2) Қызылорда облысының тұрақты экономикалық, әлеуметтік және эколо­гиялық қызметін қолдау;

3) Ақпараттық базаны, су ресурстарын басқаруды, өңірлік жобалау және жобаны басқаруды жетілдіру.

2020 жылы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен Дүниежүзілік Банк арасында жобаның техника-экономикалық негіздемесін әзір­леуге 1,5 млн. АҚШ доллары көлемінде грант бөлу туралы келісімге қол қойылып, 2020 жылдың 15 желтоқсанда грант келісімі күшіне енді.

Қазіргі таңда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осын­­дай ұқсас жобаларды әзірлеуге маман­дандырылған халықаралық компания­лар­ды іріктеу бойынша жұмыстарды ат­қа­руда.

Облыстың елді мекендерінің эколо­гиялық жағдайын және аяқсумен қамта­масыз етілуін жақсарту мақсатында 12 каналды тазалау, жөндеу жұмыстары жүргізілді (Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі «Ақарық» каналы, Әйтеке би кентіндегі «Ақкиіз» каналы, Қазалы қаласындағы «Көне Қырғыз арық» каналы, «Дәулет арық»  каналы, Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округіндегі «Меней» каналы, Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы»  каналы, Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам»  каналы, Амангелді ауылдық округіндегі «Қызыл ту» каналы, Шиелі ауданындағы «Көксу» каналы, Гигант ауылдық округіндегі «Л-1» каналы, Жаңақорған ауданындағы «Су­мағар» каналы, Сунақ ата ауылдық округіндегі У1, У2, У3, У4  каналдары).

Осы жұмыстардың нәтижесімен бар­­­лы­ғы, ұзындығы 95,4 шақырым  канал тазаланып, олардың бойындағы 9 дана гид­­ротехникалық құрылыс жөн­делді. Нәтижесінде, елді мекендерде 800 гектар түрлі бау-бақша және кө­көніс да­қылдарын егуге және 2200 гектар жайылымдық, шабындық жерлерді сулан­дыруға жағдай жасалды.

Сонымен бірге, Қармақшы ауданының Төребай би, Алдашбай ахун, Жалағаш ауданының Еңбек, Жаңақорған ауда­ны­ның Қандөз ауылдық округтерін сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 6 дана насос қондырғы алынды.

Балық

шаруашылығы

2020 жылы облыста 8 760,2 тонна балық ауланды, бұл 2019 жылға қара­ған­да 8%-ке көп (2019 жылы 8042 тон­на), сонымен қатар балық өсіретін ша­руа­­­шылығы 155 тонна тауарлы балық өсірді.

Облыста жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты (4-де «Еврокод» бар) жұмыс жасайды.

Облыстың балық өнімдерінің экспорты артуда.

2020 жылы 4302,9 тонна балық өнім­і, бұл  өткен жылмен  салыс­тырғанда 2%-ке артық (2019 жылы 4220 тонна) шыға­рылды. Балық өнімдері негізінен Ресей, Германия, Польша, Грузия, Литва, Қытай, Нидерланды, Чехия, Беларусь елдеріне экспортталады.

Балық өнімдерін өндіру және сатуды арттыру мақсатында 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамы­тудың өңірлік бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында 2030 жылға тауарлы балық өндірісін 16 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Тұрмыстық қатты

қалдықтарды

басқару

Экологиялық ахуалды жақсарту мақ­сатында мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік механизмі аясында 2020 жылдың тамыз айында Қызылорда қаласының Белкөл қыстағы аумағынан 4 шақырым жерде қалдықтарды сұрыптау кешенімен қоса тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны іске қосылды. Полигон жылына 60 тонна тұрмыстық қатты қалдықты өңдейді. 40 жаңа жұмыс орны құрылды. Іске қосылғалы бері 4375 тонна қалдық өңдеуден өткен, бұл өңірде жалпы өң­делген қалдықты 20,8 процентін құрады.

Сонымен қатар, 2020 жылдың жел­тоқсанында Арал ауданының Арал қала­сында қуаттылығы жылына 37,8 мың тонна болатын тұрмыстық қатты қалдық полигонының құрылысы аяқталды. Нысанды ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, 2020 жылы жинақталған 117 мың тонна  қалдықтардың 21 мың тоннасы немесе 18% қайта өңделді.

Жер ресурстары

Қызылорда облысының әкімшілік ау­мағы 24,1 млн. гектарды құрайды, бұл рес­публика аумағының 8,3 проценті.

Оның ішінде, 2,8 млн. гектар немесе жалпы жер қорының 11,6 проценті ауыл ша­руашылығына пайдаланылады. Осы жерді пайдаланатын тұлға саны (2,8 млн гектар) – 5745, оның ішінде шаруа қожа­лығы – 5240, заңды тұлға – 505.

2020 жылы 60,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жос­парланған, айналымға 66,3 мың гектар жер енгізілді (Арал ауданы – 8,3 мың гектар, Қазалы ауданы – 11,8 мың гектар, Қармақшы ауданы – 7,3 мың гектар, Жалағаш ауданы – 5,1 мың гектар, Сырдария ауданы – 0,4 мың гектар, Шиелі ауданы – 9,6 мың гектар, Жаңақорған ауданы – 16,7 мың гектар, Қызылорда қаласы 7,1 мың гектар) немесе жоспар 110,5% орындалды.

2020 жылы облыс бойынша 33 аукцион өткізілді, оның нәтижесімен 204,7 млн.теңгеге көлемі 123,1 гектар құрайтын 271 учас­ке сатылды.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста жер телімдеріне 100477 азамат кезекте тұр, оның ішінде 60986 адам Қызылорда қаласында (60,7 проценті). 2014-2020 жылдары барлығы 10741 учаске берілсе, 2020 жылы 1469 жер учаскесі табысталды.

Бұдан басқа, үйлестіру кеңесінің шешімімен инвестициялық жобалар үшін 36 жер пайдаланушыға жалпы көлемі 7614,0 гектар жер учаскесі табысталды.

Цифрландыру бағытында «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» құру жұмыстары жүргізілуде. Оның аясында Қызылорда қаласында және оған іргелес кенттер, ауылдық округтер мен аудан орта­лық­тарының жер учаскелерінің авто­маттандырылған ақпараттық жүйесі бағ­дар­ламасы мен нақты жағдайға түгендеу жұмыстарын жүргізуге 2021 жылы облыстық бюджеттен 109,1 млн. теңге бөлінді.

Төтенше

жағдайлардың

алдын алу және жою

Облыста елді мекендер мен ауыл шаруашылығы жерлерін су басу қаупінің алдын алу бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

2020 жылы жалпы ұзындығы 75,5 шақырым болатын қорғаныс бөгеттерінің 16 учаскесі қалпына келтірілді.

Қала аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында құны 5 млрд. теңгені құрайтын «Қызылорда қаласының төңі­регінде Сырдария өзенінің арнасын тазалау» жобасын іске асыру басталды. Жобаны іске асыру мерзімі 3 жылға есептеліп, онда ұзындығы 8,9 шақырым өзен арнасын тазарту қарастырылған.

2020 жылы жобаны бастауға респуб­ликалық бюджеттен 350,0 млн. теңге бөлінді, оған қорғаныс бөгетін салу бо­йынша жұмыстар жүргізілді.

Конго-Қырым геморрагиялық қызба­сының қоздырғышы болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып анықталған 117 елді мекенде көктемгі және күзгі дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 213,2 млн. теңге бөлінді.

Бекітілген кестеге сәйкес көктемгі дезинфекция 2020 жылдың 17 сәуірі мен 15 маусымы аралығында, күзгі дезин­фекция 2020 жылдың 21 тамызы мен 13 қазаны аралығында жүргізілді. Облыс бойынша залалсыздандыру жұмыстарының орташа тиімділік көрсеткіші 98,7%-ті құрады.

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты (15.03.2020 ж. №285) коронавирустық инфекцияның та­ралуының алдын алуға бағытталған өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осыған сәйкес, төтенше жағдайлар­дың алдын алу және оларды жою  жө­ніндегі комиссияның 15 отырысы ұйым­дастырылып, онда аталған комиссия отырысының хаттамалық шешімімен бі­рінші кезекте коронавирус инфекциясына қатысты жедел ақпараттарды жинақтап, талдау мақсатында ақпараттық-талдау тобы құрылды.

Сондай-ақ, комиссия отырыстарының шешімімен пандемия кезінде тұрғын­дардың қажетті тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін рұқсат етілген қыз­мет түрлері тізімі бекітілді.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен облыс әкімдігінің қаулыларына сәйкес, (ҚР Президентінің «Әскери міндеттілерді ар­наулы жиындарға шақыру туралы» 2020 жылғы 2 сәуірдегі №296 Жарлығы және Қызылорда облысы әкімдігінің «Азаматтарды әскери жиындарға шақы­руды ұйымдастыру туралы» 2020 жыл­ғы 6 сәуірдегі және 2020 жылғы 17 сәуірдегі қаулылары) облыстың аумақтық қорғаныс бригадасына тіркелген 136 әскери міндетті арнайы жиындарға ша­қырылып, көшелер мен адамдар көп жиналатын нысандарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге және қоғамдық тәртіп сақтау шараларына тартылды. Оған қоса, аймақтық әскери бөлімнен 30 қызметкер тартылып, барлығы 4,3 млн. шаршы метр аумақты залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Адами капиталды

дамыту

Білім беру

2020 жылы білім беру саласына 161,8 млрд. теңге бөлінді, өткен жылмен салыстырғанда 62%-ке артты (2019 ж. – 110,5 млрд. теңге).

Мектепке дейінгі

білім беру мен тәрбие

Облыстағы 665 мектепке дейінгі білім беру ұйымында (161 мемлекеттік, 414 жеке, 90 шағын орталық) 55 065 бала тәрбиеленуде. 1 мен 6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылуы 84,9 процент, 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың қамтылуы 100 процент құрады (1 мен 3 жас – 24,1%).  

70 орындық 3 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды, оның 2-і жеке­меншік балабақша (Арал ауданында – 1, Жаңақорған ауданында – 2). Облыста жеке­меншік балабақшалардың (414) үлесі 72,1 процентті құрап отыр.

Жалпы орта білім

Әлемдік пандемияға байланысты 2020 жылы наурыз айынан бастап, мек­тептер қашықтан оқыту форматына көшті. Осыған сәйкес, қашықтан оқыту жағдайында балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау жұ­мыстың негізгі басымдығы болды. Осы орайда, оқушылардың электронды құрылғыларымен және отбасы жағ­дайында интернетпен қамтылуына мониторинг жүргізілді.

18 мың мұғалім қашықтан оқыту жүйесі бойынша онлайн курстан өткізілді.

Қашықтан оқитын электронды құрыл­ғылары жоқ оқушыларды компью­тер­лік техникамен қамту жұмыстары ұйым­дастырылды.

Атап айтқанда, мектеп балансынан 14203 компьютер, жергілікті бюджет есебінен 2492 планшет, демеушілер есебінен 1518 ноутбук пен планшеттер сатып алынды. Сондай-ақ, Үкімет ре­зерві есебінен 3,2 млрд. теңгеге 22 870 ком­пьютерлік құрылғы сатып алынды.

Пандемияға қарамастан аймақта апатты және үш ауысымды мектептерді жою мақсатында жаңа білім беру нысан­дарының құрылыстары жалғасып, жөн­деу жұмыстарын жүргізумен қатар мек­тептердің материалдық-техникалық ба­­­за­сын нығайту бағытында жұмыстар ат­­қарылды. 

Жаңа оқу жылында 140 орындық 1 мектеп пайдалануға берілсе (Жалағаш ауданы С.Шәменов ауылындағы №34 мектеп), 1 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде (Жаңақорған ауданындағы №169 мектеп). 2021 жылы Арал қала­сындағы №71 апатты мектептің орнына жаңа мектеп құрылысы басталатын болады (982 млн. теңге).

Қыркүйек айында 600 орындық 1 мек­теп (Жаппасбай батыр) іске қосылса, желтоқсан айында 500 орындық 1 жеке мектеп («Зерде») пайдалануға берілді.

«Қызылорда-Жезқазған» трассасы бойынан республикалық бюджет есе­бінен 600 орындық мектеп салынуда. Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан жеке инвестор қаржысымен 300 орындық жеке мектептің құрылысы жүргізілуде.

2100 орынға арналған жаңа 3 мек­тептің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.

2021 жылы 200 орындық №268 мектепке жапсаржай салу жоспарланған (442 млн.теңге).

Сонымен қатар, 2021 жылы балалар қауіпсіздігіне байланысты Арал ауданындағы Сексеуіл кенті мен Жаңа­қорған кентінде 300 орындық 2 мектеп іске қосылатын болады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағ­дар­ламалардың қолдауымен 2020 жылы 7 млрд. теңгеге 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мектептердің материалдық-техни­ка­лық базасын нығайту бойынша жұмыс­тар атқарылуда.

2020 жылы облыстық бюджет есе­бінен 1,9 млрд. теңгеге 236 жаңа моди­фикациялық пәндік кабинет (физика, химия, биология) сатып алынып, 42 мектеп «3Д модельдеу» жабдықтарымен толықтырылды.

2020 жылы 6060 мектеп түлектерінің  83,5 (5064) проценті Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Қорытындысымен жоғары оқу орындарына түсуге құжат тапсырған талапкерлердің 77 проценті (3058) грантқа қол жеткізді.

Жалпы 2020 жылы мектеп бітіруші­лердің 98 проценті жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуларын жал­ғастырды.

Облыста инклюзивті білім беруді дамытудың 2020-2022 жылдарға ар­налған Жол картасын іске асыруға 4 млрд. теңге жоспарланған. Жол картасына сәйкес 2020 жылы 47 балабақша мен 44 мектепте арнайы инклюзивті кабинеттер ашылды. Бұл мақсатқа 505 млн. теңге бөлінді.

Облыста қосымша білім беруді дамыту үшін 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы  әзірленуде.

2020 жылдың желтоқсан айында Арал қаласында 250 орынға арналған оқушылар үйі пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, 550 орынға арналған 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде (Қармақшы, Жалағаш аудандарында, Қызылорда қаласында).

Білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін облысымыздағы 10 мұғалім алғаш рет әкім атынан бір реттік 833 мың теңге ақшалай сыйақы алды.

Кәсіптік-техникалық

білім беру

Облыстағы 30 (17 мемлекеттік, 13 жеке) колледжде 19 795 студент білім алуда.

2020-2021 оқу жылында кәсіптік-техникалық білімі бар кадрларды даяр­лауға жергілікті бюджеттен 3 108 мем­лекеттік тапсырыс, «Еңбек» бағ­дарламасы бойынша 1 515 мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

2020 жылы 4 колледждің материал­дық-техникалық базасы «Жас маман» жобасы аясында заманауи жабдық­тар­мен жабдықталды. Бұл мақсатқа рес­публикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді. 2021 жылы аталған жоба 5 колледжде жүзеге асатын болады. Бұл үшін республикалық бюджеттен 1,3 млрд. теңге бөлінді.

2020 жылы 5 986 студент кәсіптік-техникалық оқу орнын бітіріп, оның             5130-ы жұмысқа орналастырылды (85,8 процент).

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында студенттер үшін жатақхана салынуда.

2021 жылы 600 орындық екі жатақ­хананы пайдалануға беру жоспарлануда.

Денсаулық сақтау

2021 жылдың 1 қаңтар жағдайы бо­йынша облыста медициналық ұйымдарға тіркелген халық саны 793 184 адамды құрып отыр, оның 267 411-і (33,7 проценті) балалар.

Тұрғындарға медициналық көмекті 23 стационарлық, 21 амбулаториялық-емханалық медициналық ұйымда (оның ішінде 13 мемлекеттік, 8 жеке) көрсетеді.

Кадр тапшылығын төмендету мақса­тында 2020 жылы облысқа 109 дәрігер тартылып, олардың 36 проценті (39 дәрігер) елді мекендерге жіберілді.

Нәтижесінде, медициналық-санитар­лық көмек көрсету ұйымдарының дәрі­герлермен қамтылуы 90 процентті құ­рады.

 Соңғы 3 жылда дипломнан кейінгі резидентурада 61 маман, сондай-ақ, әкімнің арнайы грантымен 100 жалпы тәжірибелік дәрігер бакалавриат бойынша білім алуда.

Пандемиямен күрес шаралары аясында біршама жұмыстар жүргізілді.

Атап айтқанда, 200 төсектік тез салынатын модульдік аурухана мен Жалағаш ауданында 100 төсектік аурухана пай­далануға берілді.

Сонымен қатар, Жалағаш ауданы Ақсу елді мекенінде және Арал ауданы Шижаға елді мекенінде дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Медициналық көмектің қолжетім­ді­лігін және сапасын арттыру мақсатында облыстағы медициналық ұйымдар жал­пы құны 633,9 млн. теңгеге құрал-жаб­дықтармен қамтылды. Оның ішінде 11 стационарлық, 3 флюорографиялық рентген аппараты және 2 УДЗ аппараты сатып алынды.

Нәтижесінде құрал-жабдықтармен қамтылу көрсеткіші 77 процентке  жоғарылады (2019 ж.-70,1%).

Шалғай жатқан елді мекендердегі тұр­ғындарға медициналық көмектің қол­жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет қаражаты есе­бінен 2 жылжымалы медициналық кешен сатып алынса, жедел медициналық жәр­демнің қолжетімділігін арттыру мақ­сатында 40 санитарлық автокөлік сатып алынды.

Мәдениет және

архив саласы

2020 жыл еліміз үшін айшықты оқиғаларға толы болды.  Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойлары мемлекеттік деңгейде атап өтілді. Мерейтойлар аясында тарихымызда жарқын із қалдырған көрнекті тұлғаларды насихаттауға бағытталған екі мыңға жуық мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы­на орай алғаш рет отандық классика­ның інжу-маржаны А.Жұбановтың және Л.Хамидидің «Абай» операсы сахналанды. Қойылымға 100-ге жуық әртіс қатысты. Бұл қызылордалық әртістердің опера туындысын қоюдағы алғашқы тәжірибесі бола отырып, Сыр өнерінің мәртебесін асқақтатты. «Абай жырлары – Сыр мақамдарында» жобасы аясында ұлы Абайдың 20 шығармасы Сыр жерінің ақындарының орындауында шырқалды, бұл мерейтойлардың ішіндегі ерекшесі болды.

«Nur Otan» партиясымен бірлесіп «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы өткізіліп, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық-драма театрында Е.Төлеубайдың «Абай», Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына орай Д.Рамазанның «Абылай ханның арманы» спектакльдері  сахналанды.

Сонымен қатар, театр репертуары Рахымжан Отарбаевтың  «Нашақорлар жайлы новелла», Хұсейін Жүсіпұлының «Ешкімге керегі жоқ ауыл», Жан Мо­льер­дің «Ақымақ болған басым-ай» спек­такль­дерімен толықты.

Облыс кітапханаларында «Кемеңгер­ліктің биік шыңы – Абай», «Әлемге танылған Абай»,  «Әл-Фараби әлемі», «Ал­тын Орда – Ұлы Дала тарихы», «Алтын Орда: Тарих пен тағылым» атты тақырыптарда кітап көрмелері ұйым­дастырылды.

Астанамызда өткен «Абай тағылымы – тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар айтысында ақын Мұхтар Ниязов үшінші мәрте бас жүлде «Алтын домбыра» жеңімпазы атанды. Бағалы сыйлық Қызылордаға әкелініп, облыстық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерінің тізіміне енгізілді.

Жыршы, ақын Күнсұлу Түрікпен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленді.

«Қорқыт ата» мұраларының ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілуіне орай Қорқыт күйлерін насихаттау үшін облыстық филармония жанынан «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі құрылып, 2020 жылдың тамыз айында ансамбльдің тұсаукесер концерті өткізілді.

Н.Бекежанов атындағы қазақ акаде­миялық музыкалық-драма театрында  көрермен назарына 206 спектакль ұсы­нылса, облыстық филармонияда 178 концерт қойылды. Оның ішінде 122 спектакль мен 156 концерт онлайн режимінде көрсетілді.

Есепті кезеңде облыс мәдениет үйлері мен клубтарда 9186 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 1,6 млн. көрермен қамтылды. Оның ішінде 7665  шара он­лайн режимде, қаралымы 1,4 млн. көрер­менді құрады.

2020 жылы облыс кітапханаларының кітап қоры 4,478 мың дананы құрады, 58850 данасы жаңа кітаппен толықты. Оның ішінде 2,437 мың данасы мемле­кеттік тілде.

Сондай-ақ, жыл көлемінде 194 082 оқырманға қызмет көрсетіліп, кітап берілімі 2,627 мың дананы құрады.

«Кітапхана қорларын цифрлау» бағ­дарламасы аясында 11 161 кітап (2 642 865 бет) цифрлық форматқа көшірілді. Облыс бойынша 64 коворкинг орталығы жұмыс жасайды.

Облыс музейлерінің қорында бүгінде барлығы 145 869 экспонат бар. Облыста «музеолог» бағдарламасы бойынша 4163 экспонат енгізіліп,  музей қорларына 4 112 экспонат жинақталды.

Есепті кезеңде облыс музейлерінде 6 641 экскурсия, 850 лекция, 707 көрме ұйымдастырылып, оған 182 252 келуші қамтылды (оның ішінде: 4290 онлайн экскурсия, 575 онлайн лекция, 400 онлайн көрме, қаралымы 145 458).

Облыстағы архив мекемелеріне 16 129 құжат мемлекеттік сақтауға қабылданды. «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 23 780 сақтау бірлігі сандық жүйеге көшірілді.

«Архивтік анықтамалар беру» мем­лекеттік көрсетілетін қызметі бойынша облыс архивіне жеке және заңды тұл­ғалардан 14 321 сұраныс түсіп, өз мерзімінде орындалды. Оның ішінде 373 сұраныс «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы келсе, «Электронды үкімет» пор­талы арқылы 13 385 және архив меке­мелері арқылы 563 сұраныс түскен.

Елімізде орын алған пандемиялық жағдайға байланысты барлық іс-шаралар Youtube әлеуметтік желісіндегі «Сыр шаңырағы» каналында жариялау арқылы онлайн форматта өткізілуде. Бүгінгі күні 600-ден аса видеоматериал жарияланып, жалпы қаралымы 31296-ны құрады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықтың рухани құндылықтарын арттыру мақсатында «Сыр шаңырағы» каналында тұрақты түрде онлайн форматта «Тау тұлға – Тұрмағамбет», «Бабалар тарауы», «Жыр мұра», «ЖауҺар жыр», «Қанатты домбыра», «Сағынышқа айналған бейнең», «Асыл мұра», «Алдаспан» жобалары жүзеге асырылуда, көркемөнерпаздардың үйірме жұ­­мыс­тарын насихаттау мақсатында «Үйір­ме – өнер бастауы» және елдің рухани-мәдени танымын арттыру мақ­сатында «Өнер әлемі», «Онлайн-спектакль», «Алтын уық», «Балаларға базарлық», «Сырлы саз», «Мәртебелі клас­сика», «Шәмші әндері Сыр елінде» әндер шеруі ұйымдас­тырылып келеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық мәдениетті дамыту, мәде­ниет саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында Қа­зақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Рухани қазына -2020» республикалық фестивалін ұйым­дастырды. Біздің облыстан 14 үміткер конкурсқа қатысып, 5 үміткер әртүрлі номинациялармен жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, облыстық филар­монияның шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларының қатысуымен «Сә­лем, Елорда!» І республикалық онлайн өнер фестивалі шымылдығы «Сыр – Алаш­тың анасы» атты концертімен ашылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу мақсатында ежелгі Бәбіш-мола қалашығына және ортағасырлық Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала, Асанас қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Қазба жұмыстары барысында ортаға­сыр­лық қалашықтардың қорғаныс қа­бырғалары мен мұнаралары, кесенелер, тұрғын үйлердің орындары, маңызды құрылыс нысандары тазартылып, консервацияланды. Сонымен қатар, ежелгі және ортағасырларға тән алтын жапсырмалар, моншақтар, қыш ыдыстар, жылтыратылған керамикалық қаптамалар, сүйек және тұрмыстық бұйымдар табылды. 

Жанкент қалашығында қазба жұмыс­тарымен қатар консервацияланған бір бөлменің композициясы жасақталып, Оғыз дәуірінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы баяндайтын тарихи мүсіндер қойылып, туристер үшін қалашық ішіндегі тұрғын үйдің ежелгі бейнесін көруге мүмкіндік жасалды.

Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылыс («Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында) және Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйінің құрылыстары жүргізілуде.

«2020-2021 жылдардағы Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыста Қазалы ауданы Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылында 150 орындық ауылдық клуб, Қызылорда қаласындағы филармония ғимаратына, Шиелі ауданындағы тарихи-өлкетану музейіне қосымша ғимараттар құрылысы пайдалануға берілді. Жаңақорған ауда­нындағы Аққорған ауылдық округіндегі «Түгіскен» ауылдық клуб ғимаратына қайта жаңғырту жүргізілді. Сонымен қа­тар, 18 мәдениет нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

Спорт

Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші болып онымен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесін арттыру маңызды болып табылады.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесі 31,3 процентке артып, 254 101 адамға жетті. Бұқаралық спортты дамыту үшін 282 спорттық нұсқаушы 138 елді мекенде жұмыс істейді, онда дене шынықтырумен тұрақты айналысуға 42 мың адам қамтылған.

Облыста 21 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жоғары білікті спортшылар мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, олимпиада резервін даярлау орталығы бар. 

Балалар-жасөспірімдер спорт мек­тебінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар саны 20 964-ті құрап, 4 процентке артқан (2019 жылы – 20 147 адам).

2020 жылы 350 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп, оған 55 600 адам қатысты.

Облыста Н.Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогі мен Д.Қонаевты еске алуға ар­налған волейболдан ардагерлер арасында халықаралық турнир және 6 рет қазақ күресінен республикалық турнир, көркем гимнастикадан, еркін күрестен,  футзалдан, волейболдан, 4 рет ауыр атлетикадан, ұлттық жекпе-жектен, гандболдан, волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары өткізілсе, сонымен қатар, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасында 11 облыстық біріншілік ұйымдастырылды.

Пандемия жағдайына байланысты көркем гимнастикадан, гір көтеру спортынан, тоғызқұмалақтан, қоссырықта қолды бүгіп жазу, футбол фристайлдан, каратэ-до, көркем гимнастикадан, таэквандо және жалпы дене жаттығулары бойынша онлайн форматта 1000-нан астам спортшы қатысқан 19 жарыс өткізілді.

Пандемия кезеңінде халық арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында YouTube желісінде «Сыр спорты» каналы құрылып, онда спортты насихаттайтын 100-ден аса видеоролик жүктелді.

2020 жылдың қорытындысы бо­йын­ша облыс спортшылары Қазақстан Рес­публикасының чемпионаттары мен ку­боктарында 353 (104 алтын, 104 күміс, 145 қола) медаль жеңіп алса, әлем және Азия чемпионаттарында 25 (16 алтын, 5 күміс, 4 қола) медаль олжалады.

Спортшылардың 9-ы Қазақстан Рес­публикасының халықаралық дәреже­дегі спорт шебері, 39-ы Қазақстан Рес­пуб­ликасының спорт шебері, 1-уі Қазақстан Республикасының еңбек сіңір­ген жат­тықтырушы, 1-уі ұлттық спорт төреші, 377-сі Қазақстан Респуб­лика­сының спорт шеберлігіне үміткер, 125-і І cпорттық разрядты спортшы атанса, 670 спортшы Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық құрама сапына енді.

Перу астанасы (Оңтүстік Америка) Лима қаласында жасөспірімдер ара­сындағы ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында Рахат Бекболат 1-ші орын алып, әлемдік рекорд орнатты. Айсамал Сансызбаева 1-ші орын алып және қыздар арасында үздік спортшы атанды.

Алматы қаласында өткен грек-рим, еркін және әйелдер күресі чемпионатында облыс балуандары өнер көрсетіп, командалық есепте орын алды.

2021 жылы Токиода өтетін Олимпиа­да ойындарына қатысуға Әлем чем­пио­натының күміс және қола жүл­де­гері, Азияның 3 дүркін чемпионы Дәу­лет Ниязбеков және Азия мен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қам­шыбек Қоңқабаев лицензия алды.

Тұрғындар үшін спорт объектілерінің қолжетімділігін, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін және мем­лекеттік-жекешелік әріптестік шеңбе­рін­де шұғылданушылар санын ұлғайту мақсатында 2020-2021 жылдарға 12 жоба кезең-кезеңімен іске асырылуда. 2020 жылы 55 жұмыс орыны құрылған 5 жоба іске қосылды (Қызылорда қаласы Сәулет ауданында, Қазалы ауданы Әйте­ке би кентінде, Жаңақорған ауданы Сунақ ата, Қожакент ауылдық округтерінде спорт кешендерін жалға алу, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде дене шынық­тыру-сауықтыру кешенін жалға алу).

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол кар­тасы» бағдарламасы аясында 22 жоба жүзеге асырылды (9 жоба жаңа құрылыстар, 10 жоба – ағымдағы жөндеу, 2 жоба – қайта жаңғырту, 1 жоба – күрделі жөндеу жұмыстары). Оның ішінде, Қызылорда қаласында 3 тренажер мен стритбол алаңы (Бұқарбай батыр көшесі, Тасбөгет кентінде, Ғ.Мұратбаев көшесі), Жаңақорған ауданында 1 (Жаңақорған кенті Түгіскен елді мекенінде), Қармақшы ауданында – 2-еуі (Жосалы, Төретам кенттерінде) пайдалануға берілді.

Қызылорда қаласындағы облыстық №6 Олимпиадалық резервтің мамандан­дырылған балалар-жасөспірімдер мек­тебіндегі футбол алаңына және Жаңа­қорған ауданы Жаңақорған кентіндегі орталық стадионына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласын­дағы Жалаңтөс баһадүр Сейтқұлұлы атын­дағы облыстық олимпиадалық резерв­тің мамандандырылған мектеп-интернат ғи­­маратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.         

Ішкі саясат

Мемлекеттік

ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде 101 (12 мемлекеттік, 89 тәуелсіз) бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасауда. Оның ішін­де 8 электронды, 3 ақпараттық агент­тік, 3 интернет сайт, 87 баспа БАҚ бар.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында 2020 жылдың 13 қаңтарында барлық негізгі салалар бойынша ақпараттық жарияланымдарды қамтитын облыстың Бас медиа-жоспары бекітілді. Сонымен қатар, түрлі тақырыптар бойынша 15 медиа-жоспар бекітіліп, ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.

Есепті кезеңде 524 брифинг, 40 баспасөз туры өткізілді.

Сондай-ақ, жоспар бойынша халық­ты цифрлық телехабар таратумен қам­тамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні Қызылорда облысында ұлт­тық цифрлық телехабар тарату қыз­метіне 130215 абонент қосылған («Қазте­лерадио» АҚ-ның деректері бойынша).

2020 жылы жергілікті БАҚ өкілдерінің басшылары мен республикалық БАҚ меншікті тілшілерімен 4 кездесу өткізіліп, журналистердің мәселелері тыңдалды.

Интернет-

сайттармен

жұмыс

2020 жылы интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде 43 731 мате­риал жарияланды, оның ішінде 26 054 оң, 10761 бейтарап және 6916 сыни пікір.

Қызылорда облысына қатысты ұсы­ныстар мен сыни-пікірлер бойын­ша тиісті шаралар қабылдау үшін, мем­ле­кеттік органдармен байланыс жұмыс­тары жүргізілді.

2020 жылы «YouTube» видеохос­тингінде «Syr Qogamy», «Syr shanyragy», «Syr sporty», «Syr birligi», «Syr jastary» каналдары ашылды.

Еgov.kz порталында ашықтықты қам­тамасыз ету мақсатында «Ашық диалог» парақшасында Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен онлайн режимінде әртүрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылуда.

 2020 жылы 12 интернет-конференция ұйымдастырылды. Олардан 43 сұрақ келіп түсіп, барлығына онлайн режимде жауап берілді.

Сонымен бірге, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін «Ашық диалог» порталында жыл сайын сауалнама жүргізіледі.  Жыл басынан бері порталға 4 сауалнама орналастырылды.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындарды ақпарат­тандыру мақсатында республикалық 10 интернет-сайтпен (2792 материал жария­лау), 1 әлеуметтік жобамен, әлеуметтік желі белсенділерімен (блогерлер) жұмыс жасалып келеді. Интернет-порталдарда күнделікті облыстағы имидждік бағыттағы жаңалықтар орналастырылады. 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық сайттарда 2222 имидждік материал жарияланды.

Мемлекеттік тіл саясаты

және ономастика

2020 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 82 млн. теңге бөлінді.

Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы 2604 адам тілдерді оқыту курстарынан өтті, оның ішінде 1126 адам мемлекеттік, 596 адам орыс, 882 адам ағылшын тілін оқыту курс­тарынан өтті.

Облыстық «Qyzylorda» телеарнасында жастардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталған «Маржан сөз» ойыны  және жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін түсіндіруге бағытталған «Тілтаным» бағдарламасы жүргізілуде.

«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жо­басы аясында бұқаралық ақпарат құрал­дарында мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тіліндегі контентті арттыру және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы өткізілді.

Байқау қорытындысымен «Үз­дік ма­қала», «Үздік телебағдарлама», «Сайт­тағы үздік мақала» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатында 100 іс-шара өткізілді.

Жаңа әліпби ережелерін түсіндіру және талқылау мақсатында 44 іс-шара ұйымдастырылды.

«Ұлттық ономастика – ел айнасы» байқауында облыс Бас жүлдені, «Үздік оқытушы» байқауында ІІІ орын, этни­калық жастар арасында «Мемлекеттік тәуел­сіздік символы» байқауында ІІІ орынды иеленді.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен облыстың 10 білім және мәдениет ұйымына атаулары берілді (Қызылорда қаласындағы  №172 орта мектепке Н.Ергешбаевтың, №271 орта мектепке Б.Ермекбаевтың, «Өнер» мектебіне М.Қалауовтың, «Мұрагер» мек­тебіне Абай Құнанбаевтың, Арал ау­да­нындағы № 262 мектеп-гимназиясына Ұ.Қарамановтың, Шижаға ауылдық мәдениет үйіне Б.Тәңірбергеновтің, Қа­залы аудандық мәдениет үйіне Р.Бағла­нованың, Қармақшы ауданындағы №80 мектеп-гимназиясына Т.Жүргеновтің,  №279 орта мектепке Е.Көшербаевтың, Жалағаш ауданындағы №201 мектеп-лицейіне Әл-Фарабидің есімдері берілді).

Облыс әкімдігі мен облыстық мәс­лихаттың бірлескен шешімімен идео­ло­гиялық тұрғыдан ескірген және қайта­ланатын 7 әкімшілік-аумақтық бірліктің атаулары өзгертілді (Арал ауданының «Октябрь» ауылдық округі – «Аққұм», Қазалы ауданының Қарашеңгел ауыл­дық округінің «Водокачка» ауылы – «Ши­түбек», Шиелі ауданының Ақмая ауылдық ок­ругінің «Полуказарма» ауылы – «Қо­с­арық», Алмалы ауылдық округінің «Лес­хоз» ауылы – «Тоғайлы», «Гигант» ауыл­дық округі – «Бәйтерек», «Төңкеріс» ауыл­дық округі – «Тұран» атауларымен, Жаңа­қорған ауданының «Бесарық» ауыл­дық округі «Жаманбай батыр» есімімен қайта аталды).

Облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, барлығы 177 ұсыныс қаралды, оның 129-ы қолдау тапты.

Көрнекі ақпараттарда тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қам­тамасыз ету бағытында 828 нысанға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргі­зілді, оның ішінде кемшілігі анықталған 47 нысанға ескерту жасалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік мере­келер мен айтулы күндерге орай қа­ла, аудандардағы халық көп шоғыр­ла­натын қоғамдық орындар мен орта­­лық көшелерге орналастырылатын бил­борд­тардың эскиздеріне келісім беру жұ­мыстары жүргізілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне жергілікті әкімдіктердің ұсыныс­тарына сәйкес 140 топонимикалық атау енгізілді.

Облыстық Қазақстан

халқы

Ассамблеясының

қызметі туралы

Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру аясында облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының құрамында 11 этномәдени бірлестік, 6 этноға бағ­дар­ланған үкіметтік емес ұйым және 9 қоғамдық құрылым жұмыс атқарады.

Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасымен тығыз әріптестік байланыс орнатылған.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттау бойынша ҚХА 25 жылдығына арналған облыстық іс-ша­ралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» этномәдени бірлестіктердің мә­дени күндері және «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобалары жүргізілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстық Ассамблеяның ұйымдас­тыруымен және бастамасымен түрлі фор­маттағы 318 іс-шара өткізіліп, онда 17154 адам (онлайн аудитория) қамтылды.

Ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінің қатысуымен 26 іс-шара өткізіліп, 32 ғылыми жұмыс және мақала жарияланды. Ғылыми-сарапшылық топ мү­шелерінің 13 онлайн лекторийі ұйым­дастырылды.

Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі 3 отырыс және 8 қоғамдық бақылау өткізді.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық ҚХА және «Рухани жаңғыру» орталығының бастамасымен «Тұңғыш Президент және Тәуелсіз Қазақстан: Тарих. Бүгін. Болашақ» тақырыбында рес­публикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Медиация институтын насихаттауға арналған 88 түрлі форматты іс-шара ұйымдастырылса, аталған шараларға 2600-ден астам тұрғын қамтылды.

YouTube видеохостингінің «Сыр бір­лігі» каналында 250 бейнеролик орналастырылды. Сондай-ақ республикалық және облыстық БАҚ-та 784 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақ­шаларда 417 бейнеролик, 1489 жариялым жарық көрді.

Жастар саясаты

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды.

Волонтер жылы аясында азаматтық қоғам өкілдері мен жастардың бастама­сымен облыстық «Волонтерлардың фронт-офисі» құрылды. «Фронт-офис» во­лон­­терларының көмегімен 8451 мұқтаж отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 4 870 балаға қажетті оқу құралдары табыс етілді.

«Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында есепті кезеңде облыс көлемінде түрлі бағыттағы 89 іс-шара (7 бағыт бо­йынша 64 акция, 10 тренинг, 15 онлайн конференция) ұйымдастырылып, 2000-ға жуық волонтер тартылды. Жыл қорытындысымен жоба аясында 10 жас волонтер арнайы номинациямен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Сонымен қатар, пандемия кезінде өңірдің еріктілері Мақтаарал қаласының су тасқынынан зардап шеккен тұрғын­дарына азық-түлік, киім-кешек, тұрмыс­тық заттар мен материалдық көмек жи­науға қатысты. Нәтижесінде 107 өңір аза­маты, оның ішінде 11 жас ерікті «Ха­лық алғысы» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, әлеуметтік және қоғамдық міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін облыстың 3 жас азаматқа «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығы берілді.

Облыстағы 14-тен 29 жас аралы­ғындағы жастар саны 175 728 (21,9 процент) адам, оның ішінде қала жастары 73196 адам (41,7 процент), ауылдық 102 532 адам (58,3 процент).

2020 жылы облыс бойынша мемле­кеттік жастар саясатына жергілікті бюджеттен 536,5 млн. теңге бөлінді (2019 жылы 517,6 млн. теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 36 жобаны жүзеге асыру үшін 176,7 млн. теңге қарастырылған.

Аталған 36 жоба аясында 15000-нан астам (15 484) жас қамтылған 400-ден астам (412) іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шаралардың басым бөлігі карантин талаптарына сәйкес онлайн форматта өтті.

Сондай-ақ, 4000-нан астам (4076) жас ұйымдастырылған жобалар аясында мемлекеттік бағдарламалар мен жо­балар бойынша консультациялық іс-шаралармен қамтылды.

«Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауының нәтижесі­мен 11 жобаға 19,8 млн. теңге инвес­тиция тартылды («Sapaly Bilim» оқу орталығы, «Жиналмалы шай стол дайын­дау», «M-Lux» химиялық тазалау орта­лығы», «Көркемсурет өнері», «MD» ден­саулық және Spa клубы, «Kids city» орталығы, «Бөбек» сауықтыру орталығы, «Тұрғындарды аяқсумен қамтамасыз ету» жобасы, «Фурнитура дүкені (Қолөнер курсы)», «Arqau» мәзірлер дайындау» жобасы, «Контейнерлік дүкендер мен үйлер»).

Жастармен атаулы жұмыс жасау үшін облыста 9 Жастар ресурстық орталығы, сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы бө­лімше жұмыс істейді. Өңірлік жастар ресурстық орталықтарының жалпы штат саны 130 қызметкерді құрайды (облыстық жастар ресурстық орталығында – 59 қызметкер, қалалық жастар ресурстық орталығында – 12, Арал ауданында – 22, Қазалы ауданында – 6, Қармақшы ауданында – 6, Жалағаш ауданында – 7, Сырдария ауданында – 7, Шиелі ауданында – 7, Жаңақорған ауданында – 4).

«Жас құрылысшылар» жастар еңбек жасағы аясында 2020 жылдың мамыр-қазан айларында 307 жұмыссыз жас 9 жергілікті құрылыс компаниясына жұ­мысқа орналастырылды.

Ресей Үкіметі бюджеті есебінен Мәс­кеу мен Санкт-Петербургтегі үздік жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік алған студенттер саны 600-ге жетті, ал 2020 жылы олардың 111-і диплом алды (есепті кезеңде 16 адам жұмысқа орналастырылды, 28-і Ресей Федерациясының оқу орындарында оқуын жалғастырып, магистратураға түсті, 12 жас ұсынылған жұмыстан бас тартты, 55 жергілікті кә­сіп­орындармен, жұмыспен қамту меке­мелерімен келіссөздер жүргізілуде).

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2 процентті құрады. NEET санатына жататын жастар 8,2 процентті құрады (2020 жылдың 4 тоқсанына).

Қоғамдық

қауіпсіздікті

қамтамасыз ету

2020 жылдың 12 айында облыс бойынша 3692 қылмыс тіркелді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 36,6%-ке төмендеген (2019 ж.-5823).

Оның ішінде адам өлтіру саны 19%-ке (26-дан 21-ге), қасақана ауыр дене жарақатын салу 8%-ке (37-ден 34-ке), зорлау 34%-ке (23-тен 15-ке), қарақшылық шабуыл 16%-ке (6-дан 5-ке), тонау 46%-ке (103-тен 55-ке), бұзақылық 43%-ке (292-ден 166-ға) және ұрлық 57%-ке (3385-тен 1428-ге) төмендеді.

Сонымен қатар, қоғамдық орында жасалған қылмыстар саны 41,7%-ке (1545-тен 900-ге), көшелерде 33,2%-ке (779-дан 520-ға), бұрын сотты бол­ғандардың қылмыс жасауы 3,8%-ке (1138-ден 1095-ке), мас күйінде 21,6%-ке (459-дан 360-қа), атыс қаруымен 51,9%-ке (27-ден 13-ке) және жасөспірімдер жасаған қылмыстар 33,0%-ке (97-ден 65-ке) азайды.

Қабылданған шаралардың нәтижесін­де аса ауыр қылмыстар (+12%-ке, 79,4-тен 92,3%-ке), орта қылмыстар (+10,1%-ке, 30,2-ден 40,3%-ке) және жеңіл қылмыстардың (+1,8%-ке, 69,9-дан 71,7%-ке) ашылуы артты.

Бұрын жасалған қылмыстар 6%-ке (168-ден 178-ге), оның ішінде ауыр түр­ле­рінің ашылуы 2 есеге жақсарды (12-ден 25-ке).

Жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында облыс орталығында 13 дана «Аркан» жылдамдық өлшейтін жүйесі және қосымша 6 бағдаршам нысаны орнатылды, олар арқылы 36 813 құқық­бұзушылық анықталып, 348,5 млн. теңге айыппұл салынса, оның 241,5 млн. теңгесі өндірілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыста жол-көлік оқиғалары 12,7%-ке (581-ден 507-ге), қайтыс болғандар саны 34%-ке (135-тен 88-ге) және жарақат алғандар саны 14%-ке (677-ден  582-ге) төмендеді.

Жұмыспен қамту және

әлеуметтік қорғау

2020 жылы 17602 жаңа жұмыс орнын  құру жоспарланса, нақты 20206 (114,7%) жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 14974-і тұрақты.

Жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеуші ретінде 42 279 адам хабарласып, 26 221-і тұрақты және уақытша жұмыспен қамтылды (62,0%).

Жұмысынан айырылуына байланыс­ты 7 139 адамға композиттік қызмет көрсетілді.

56 рет бос жұмыс орындары жәр­меңкесі өткізіліп, оған 3409 жұмыс беруші қатысып, 2393-і жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне (о.і. 1 631 адам –тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.

2017-2021 жылдарға арналған нә­ти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағ­дар­ламасын жүзеге асыруға 2020 жылы 12,8 млрд. теңге (25 284 адам) қаралды.

Бағдарламаға 37 744 адам енгізілді (жұмыссыздар – 50,6% (19097 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 21,0% (7917 адам), жұмыс іздеушілер – 28,4% (10730 адам).

Бағдарламаның бағыттары бойынша:

Бірінші бағыт – Бағдарламаға қаты­сушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету:

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ес­кере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 1515 адам оқуға жіберілді.

Жұмыс берушілер мен ваучердің өтінімдері бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 1036 адам (жос­пар – 1000 адам).

Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту:

1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2181 адам оқуды аяқтап (жоспардан – 100%), сертификатын алды, оның ішінде 1790-ы грант пен шағын несиеге ие болды (90,1%).

2) Ауылдағы және қалалардағы кә­сіпкерлік бастамаларды қолдау мақ­сатында 886 адам (107,5%) шағын несие алды (3381,8 млн. теңге) (жоспар – 824 адам). Қосымша 809 жаңа жұмыс орны ашылды.

3) Жаңа бизнес-идеяларды іске асы­руға 5 011 адам (2767,7 млн. теңге) мемлекеттік грант алды (жоспар – 5011 адам, 2767,7 млн. теңге).

Үшінші бағыт – Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек на­рығын дамыту және еңбек ресурста­рының ұтқырлығы. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31 670 адам қамтылды:

– бос жұмыс орындарына 14 734 адам (жоспар – 13900),

– әлеуметтік жұмыс орындарына 1245 адам (жоспар – 616) жолданып, олардың 1148-і жұмысын аяқтап, 760-ы тұрақты жұмыспен қамтылды (66,2%),

– жастар тәжірибесіне 4497 адам (жос­пар – 2929) жолданып, жұмысын аяқтаған 2836 адамның 941-і тұрақты жұмысқа орналасты (33,2%),

– қоғамдық жұмыстарға 11194 адам (жоспар – 8102 адам) жолданып, 11182-ы жұмысын аяқтап, олардың 1161-і тұрақты жұмыспен қамтылды (10,4%).

Жыл басынан солтүстік өңірлерге 92 отбасы (құрамында 244 адам) қоныс аудару квотасына енді: оның ішінде Қостанай облысына 41 отбасы (92 адам), Солтүстік Қазақстан облысына 20 отбасы (69 адам), Шығыс Қазақстан облысына 23 отбасы (46 адам), Павлодар облысына 8 отбасы (37 адам).

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында облыс бойынша 291 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 40,1 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде:

16,6 млрд. теңге  әлеуметтік-мәдениет объектілерді салуға, күрделі және ағым­дағы жөндеуге 126 жобаға, 314 тұрақты жұмыс орны;

7,2 млрд. теңге тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық саласындағы құры­лыс, күрделі және ағымдағы жөндеуге, 42 жобаға, 1658 жұмыс орнына;

13,8 млрд. теңге инженерлік-көлік саласында күрделі және ағымдағы жөн­деуге, 70 жобаға, 3474 жұмыс орнына;

2,4 млрд. теңге елді мекендерді абаттандыру, 53 жоба, 899 жұмыс орны.

291 жобаның 261-і аяқталып, инте­грациялық картаға енгізілді.

10142 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту органдар арқылы 5638 адам. Орташа еңбекақы 88 242 теңгені құрады.

Жұмыспен қамту Жол картасы жобаларын іске асыру кезінде жергілікті өндірушілердің үлесі 95,0%-ті құрады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтиже­сінде облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ті құрады.

Есепті кезеңде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 5,2 млрд. теңгеге 68 077 адамға (13056 отбасы) төленді.

Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 3 584 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды (1 430 тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 59 әлеуметтік жұмыс орындарына, 1500 қоғамдық жұмыстарға, 47 жастар тәжірибесіне, біліктілігін арт­тыруға 61, кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу 306).

4 744 отбасына 231,1 млн. теңгеге тұр­ғын үй көмегі төленді.

Үкіметтік емес ұйымдарда мемле­кет­тік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде 2020 жылы «Сыр мейірімі» жобасын қаржыландыруға облыстық бюд­жеттен 49,5 млн. теңге бөлінді. Жоба аясында күн сайын 225 жалғызбасты қарт, өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз мүгедектер, сапалы тамақтануды қажет ететін науқастар 55 104 түскі ыстық тамақпен қамтылды.

Мұқтаж азаматтардың 41754 жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау үшін 1,5 млрд. теңге сомасында әлеуметтік көмек төленді.

Пандемия кезеңінде табысынан айы­рылған 213 269 адам 42500 теңге мөл­шерінде әлеуметтік төлем алды.

Жекелеген санаттағы азаматтарды азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету үшін  67 837 адам 5567 теңгеден (1,4 млрд. теңге) әлеуметтік төлем алды.

«Birgemiz Qyzylorda» өңірлік қоры арқылы 29 475 отбасына 50 000 теңгеден (1,5 млрд. теңге) төленді.

14869 отбасыға жалпы сомасы 160,6 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. 2020 жылы мүгедектерді оңалтудың 19239 жеке бағдарламасы әзірленіп, 86,8%-і орындалды.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 917 мүгедек жұмыспен қамтылды (264 – тұрақты жұмыспен, 22 – әлеуметтік жұмыс орындарымен, 50 – жастар тәжірибесіне, 581 – қоғамдық жұмыстарға тартылды).

Инфрақұрылымды

дамыту

Көлік

2020 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісін дамытуға 19,7 млрд. теңге бөлініп, ұзындығы 492 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөнделді. Атап айтқанда:

1) «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5,25 млрд. теңге (облыстық және аудандық маңызы бар 136 шақырым жолдарды жөндеу);

2) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1,53 млрд. теңге (Қызылорда қаласының Сырдария өзені жағалауының ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын магистральды көше құрылысы);

3) «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,78 млрд. теңге (ұзындығы 72 шақырымды құрайтын 66 көшені орташа жөндеу);

4) «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша – 8,85 млрд. теңге (263 жоба, 255 шақырым жолды, көшелер мен көпірлерді күрделі және орташа жөндеу, 2692 жұмыс орнымен қамту);

5) Жергілікті бюджеттен автомобиль жолдары ұстап тұруға, елді мекендер көшелері мен көпір өткелдерін жөндеуге 2,32 млрд. теңге бөлініп, 30,4 шақырым көшелер мен жолдар жөнделді.

Нәтижесінде жақсы және қанағат­танарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдар үлесі 70%-ке жетті (2019 жылы – 63,5%).

Құрылысы 2018 жылы басталған Сыр­дария өзенінің сол жағалауындағы ұзындығы 4,9 шақырымдық (Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көпірден Батыс Еуропа-Бастыс Қытай халықаралық көлік дә­лі­зіне дейін) басты магистральды көше пайдалануға берілді. Аталған көшенің құрылысына 2018-2020 жылдары облыс­тық бюджеттен барлығы 2,5 млрд. теңге бөлінді. Оған қоса, республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 632 млн. теңгеге «Шіркейлі» каналы арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

Осылайша, облыс орталығы арқылы өтетін көлік ағыны азайып, реттеліп,  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистральдық автожолына тікелей шығу қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, жол қозғалысының қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қы­зылорда қаласындағы Сырдария өзе­нінің сол жағалауындағы бас магист­ральды көшенің «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасына шығатын жерінде көлік айырығы құрылысы басталды. Бұл мақсатқа республикалық және облыстық бюджеттерден 2020 жылы 302 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Қазалы ауданының «Әлсейіт» учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтетін көпір салынып, пайдала­нуға берілді.

Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласын қосатын ұзындығы 7 шақырымдық төрт жолақты жолдың құрылысы басталды. Аталған жол тұрғындардың елді ме­кендер арасында кедергісіз қозға­лы­сын қамтамасыз ететін болады. Бұл өз кезе­гінде  ауданның әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуымен қатар халықтың әл-ауқатының жақсарып келе жатқандығын көрсетеді.

Сондай-ақ, Қазалы ауданының «Карлан» учаскесінде Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысының жобасы әзір­ленуде, құрылыстың басталуы 2021 жылға жоспарлануда.

«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Жаңақорған ауданындағы апатты жағдайдағы көпірге күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Шиелі ауданы орталығында теміржол арқылы автомобиль көпірі салынып, пайдалануға берілді, сонымен қатар Тартоғай елді мекенінің кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

212 елді мекенді, кенттерді, ауылдарды, аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын 204 автобус маршруты ұйымдастырылған. Олардың 71-і ауданаралық, 101-і ауданішілік және кентішілік, 32-сі қалаішілік және қала маңы маршруттары болып табылады.

Сонымен қатар, Ташкент қаласына 1 халықаралық және Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған, Сарыағаш, Шымкент, Түр­кістан, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға об­лысаралық 13 автобус маршруты ұйым­дастырылған.

Бұл маршруттарда әртүрлі сыйымды­лықтағы 1354 автобус (5 халықаралық, 109 облысаралық, 266 ауданаралық, 335 ауданішілік, 639 қалалық және қала маңы) жұмылдырылған.

2020 жылы автомобиль көлігімен 118,2 млн. жолаушы тасымалданған.

Облысаралық және ауданаралық маршруттардағы жолаушыларға қызмет көрсететін 4 автовокзал мен 8 автостанция жұмыс жасайды.

«Қорқыт ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 34 тұрақты рейс орындалуда (жазғы маусымда 40), оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына 15 рейс, Алматыға 17 рейс, Қарағандыға 2 рейс.

2020 жылы әуежайдан 86,3 мың жолаушы жөнелтілді.

«Қорқыт ата» әуежайының қолда­ныстағы терминалын кеңейту бойын­ша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыс­тары аяқталуда. Мемлекеттік сарап­та­маның қорытындысы алынған соң құрылыс жұмыстары басталады.

Тұрғын үй құрылысы

2020 жылдың қаңтар- желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 609 мың шаршы метрге жетіп, 2019 жылдың тиісті кезеңмен са­лыстырғанда 20,0 процентке төмендеді.

Төмендеу көппәтерлі және жеке тұр­ғын үйлер құрылысы көлемінің азаюы­мен байланысты.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 19,8 млрд. теңге бөлінді (республикалық бюджет – 8,1 млрд. теңге, облыстық бюджет – 5,5 млрд теңге, облигациялар шығару есебінен – 6,2 млрд. теңге).

1988 пәтерлі 100 тұрғын үйдің құры­лысы жүргізілді, оның 408 пәтерлі 39 тұрғын үйі пайдалануға берілді. Оның ішінде:

1) сатып алу құқығынсыз жалға бері­летін тұрғын үйлер бойынша 815 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Қызылорда қаласында 725 пәтерлі 15 тұрғын үй, Шиелі ауданында 90 пәтерлі 5 үй бар.

Одан басқа, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде 42 пәтерлі 2 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жыл ішінде барлығы 150 пәтерлі 5 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді (Қызылорда қ. – 90 пәтерлі 2 үй, Шиелі ауданы – 18 пәтерлі 1 үй, Сырдария ауданы – 42 пәтерлі 2 үй).

2) кредиттік тұрғын үй бойынша 755 пәтерлі 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы «СПМК-70» тұрғын ауданында 640 пәтерлі 13 көпқабатты тұрғын үй, Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі аудандарында – 115 пәтерлі 55 үй.

2020 жылы үш ауданда 90 пәтерлі 30 бір қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді (Арал ауданында 40 пәтерлі 10 үй, Қазалы ауданында 40 пәтерлі 10 үй, Жалағаш ауданында 10 пәтерлі 10 үй).

3) жеке коммерциялық құрылыс са­лушылар есебінен 376 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді, 2020 жылдың соңында 168 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Одан бөлек, жергілікті бюджет қара­жаты есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Қызылорда қаласында 10 тұрғын үй және Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде 18 пәтерлі үй сатып алынды.

Инженерлік-коммуникациялық ин­фра­құры­лымның 25 жобасын іске асыруға 5,1 млрд. теңге бөлінді (республикалық бюджет – 2,7 млрд. теңге, облыстық бюджет – 2,4 млрд. теңге).

2020 жылы облыс бойынша 191,8 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым пайдалануға берілді.

Газдандыру

2020 жылы газбен жабдықтаудың 10 жобасын іске асыру үшін 4,9 млрд.теңге бөлінді, оның 3,5 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 975,9 млн. теңгесі облыстық бюджеттен, 462,4 млн. теңгесі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен. Оның ішінде:

– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 3 газбен жабдықтау жобасы жүзеге асырылды (Қазалы ауда­нының Ғани Мұратбаев елді мекені, Шиелі ауданының Байсын елді мекені, сондай-ақ Арал ауданы Арал қаласының газдандырылмаған көшелері),

– Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 3 жоба жүзеге асырылды (Арал ауданының Жақсықылыш кенті, Сырдария ауданының Тереңөзек кенті, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің газдандырылмаған көшелері), 2021 жылға өтпелі болып табылатын 4 жоба бойынша (Қармақшы ауданының Жосалы кенті, Жалағаш ауданының Жа­лағаш кенті, Қазалы ауданының Қазалы қаласы, Шиелі ауданының Бекежанов ауылы) жұмыстар жалғасуда.

Жұмыстардың нәтижесінде 256,9 ша­қырым газ құбыры жүргізіліп, өңірдің 20 мыңнан астам тұрғыны табиғи ресурс­тарды пайдалану мүмкіндігіне ие болып,  газдандырылған халықтың үлесі 65%-ке дейін артты.

Электрмен

жабдықтау

2020 жылы электрмен жабдықтау желілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қара­жатқа (3,3 млрд. теңге) 5 жоба іске асырылды. Оның ішінде:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ Жосалы қосалқы стансасын қайта жаңғырту» жобасы.

«2020-2021 жылдарға арналған жұ­мыспен қамтудың Жол картасы» бағ­дарламасы бойынша «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі №22 35/10 кВ қосалқы стансасын кеңейту және қайта жаңарту» және «Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі  Ақай ауылдық округіндегі 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту» жобалары.

Аталған жобалар шеңберінде 100 шақырымнан астам электр желілері, кернеулігі 220/35/10 кВ, 35/10 кВ екі қосалқы станса қайта жаңғыртылды, 33 дана қосалқы трансформаторлық қон­дырғы орнатылды. Нәтижесінде атал­ған аудан тұтынушылары үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағ­дарламасы бойынша Қармақшы ауда­нындағы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын және Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ-ның мал ша­руашылығы фермасын электрмен жаб­дықтаудың 2 жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 24,4 шақырым 10 кВ әуе желісінің құрылысы салынып, 1 дана қуаттылығы 1600 кВА екі трансформатор орнатылды.

Облыстық бюджеттен бөлінген қара­жатқа Жалағаш ауданының Аққыр, Мә­дениет, Жаңадария, Жаңаталап елді ме­кендерін электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Аққұм және Бұқарбай батыр елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Одан бөлек, Қызылорда қаласының Сабалақ саяжайындағы алты учаскедегі тұрғындардың өз бетінше салған электр желілерін құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестендіру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, кернеулігі 10/0,4 кВ 30 шақырым электр желісі салынып, 6 дана әртүрлі қуаттылықтағы қосалқы трансформаторлық қондырғы орнатылды, 540-тан астам тұтынушы тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтылды.

Жылумен жабдықтау

2020 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік және «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының 19 әлеуметтік нысанының қазандықтары газбен жылы­туға ауыстырылды.

Сонымен қатар, спорт саласындағы 2 жоба бойынша 2 әлеуметтік нысанның қазандықтарын қайта жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттамасына мемлекеттік сараптамасының қорытын­дысы алынды.

Сондай-ақ, «Қызылорда қаласының Қызылорда жылу электр орталығын жаң­ғырту және кеңейту» жобасы бойынша техника-экономикалық негіздемесі әзірленіп, мемлекеттік сараптама қоры­тындысы алынды.

2020-2021 жылдарға арналған жұ­мыспен қамтудың Жол картасы және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 4 млрд.теңгеге 7,9 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Сумен жабдықтау

және су бұру

2020 жылы облыстың ауызсу және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2025», «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы және облыстық бюджеттен жалпы құны 4,6 млрд. теңге бөлініп  (республикалық бюджеттен 2,7 млрд. теңге,  облыстық бюджеттен 1,9 млрд. теңге) болатын барлығы 29 жоба іске асырылды, 2 жоба 2021 жылға өтпелі.

Облыстың 17 елді мекенінде 231 шақырым ауызсу, 8 шақырым кәріз жүйе­лері, 23 кәріздік-насос станция жаң­ғыртылып, 6 су өндіру кешені салынды. Осы елді мекендердегі 151 мың тұрғынның сумен жабдықталуы жақсарды.

178 елді мекеннің сумен қамту қыз­метін субсидиялауға облыстық бюджеттен 3,3 млрд. теңге төленді.

Жыл қорытындысымен облыс халқы­ның 97,5%-і орталықтан­дырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз етілді.

Тарифтер

Басқа өңірлермен салыстырғанда коммуналдық қызметтерге Қызылорда облысы бойынша тарифтер орташа деңгейде сақталуда.

2020 жылдың 5 ақпанынан бас­тап «Шиелі Жарығы» ЖШС-да электр энер­гиясының 1 кВт*сағ үшін орташа өткізу тарифі 4,2%-ке (17,81-ден 18,55 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде тұрғындар үшін өсім 2,5%-ті (17,06-дан 17,49 теңгеге дейін) құрады.

2020 жылғы 5 наурыздан бастап «Дәулетэнерго» ЖШС-нда электр энер­гиясының 1 кВт*сағ үшін орташа өткізу тарифі 6,5%-ке (18,21-ден 19,39 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде тұрғындар үшін өсім 3%-ды (17,73-тен 18,26 теңгеге дейін) құрады.

2020 жылғы 5 наурыздан бастап «Энергосервис» ЕЖШС-де электр энер­гиясының 1 кВт*сағ үшін орташа өткізу тарифі 5,5%-ке (16,87-ден 17,80 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде тұрғындар үшін өсім 3%-ті (15,44-тен 15,90 теңгеге дейін) құрады.

2020 жылдың 1 наурызынан бастап «Қызылорда су жүйесі» МКК қосылған құнға салықты қоса есептегенде келесі тарифтер бекітті:

сумен жабдықтау қызметтеріне 52,47 теңгеден 70,22 теңгеге дейін (17,75 тең­геге немесе 33,8%-ке өсті), оның ішінде тұрғындар үшін 41,46 теңгеден 45,61 теңгеге дейін (4,15 теңгеге немесе 10%-ке өсті);

су бұру қызметтеріне – 77,03 теңгеден 77,80 теңгеге дейін (0,77 теңгеге немесе 0,1%-ке өсті), оның ішінде тұрғындар үшін 46,42 теңгеден 48,82 теңгеге дейін (2,4 теңгеге немесе 5,2%-ке өсті).

Облыс бойынша төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар үшін коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету шаралары енгізілді, оның ішінде:

– электрмен жабдықтаудың орташа өткізу тарифтері 9,1%-ке, оның ішінде «Энергосервис» ЕЖШС бойынша 15,9-дан 14,46 теңгеге дейін; «Дәулетэнерго» ЖШС бойынша 18,21 теңгеден 16,60 теңгеге дейін, «Шиелі Жарығы» ЖШС бойынша 17,49 теңгеден 15,90 теңгеге дейін;

– жылумен жабдықтау 10%-ке: 1 Гкал үшін есепке алу жабдықтарымен қоса 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін; есепке алу жабдықтарынсыз 96,76 тең­геден 87,07 теңгеге дейін;

– сумен жабдықтау 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге дейін немесе 10,6%;

– су бұру 48,82-ден 43 теңгеге дейін немесе 11,9%.

Төтенше жағдай режимінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты 2020 жылғы 11 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін бекі­тілген коммуналдық қызметтерге тарифтер қолданылады.

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қызмет тарифтері төмендетілді:

– сумен жабдықтау 1,5%-ке, оның ішінде тұрғындар үшін қосылған құн салығын қосқанда 1 текше метрге 45,61 теңгеден 44,92 теңгеге дейін;

-су бұру 2,8%-ке өсті, оның ішінде тұрғындар үшін қосылған құн салығын қосқанда 1 текше метрге 48,80 теңгеден 47,48 теңгеге дейін.

2020 жылғы 11 қыркүйектен бас­тап энергия өндіруші станцияларда тарифтердің өсуіне байланысты (ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 14 маусымдағы №243 «Босатылатын электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығы) электрмен жабдықтау қызметтеріне тарифтер өсті:

– тұрғындар үшін орта есеппен 4%-ке;

-заңды тұлғалар үшін -7,1%-ке, атап айтқанда:

«Дәулетэнерго» ЖШС-де электр энер­гия­сының 1 кВт*сағ үшін орташа өткізу тарифі 6,8%-ға (19,39-дан 20,72 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде тұрғындар үшін өсім 5%-ды (18,26-дан 19,16 теңгеге дейін) құрады.

«Энергосервис» ЕЖШС-да электр энер­­гиясының 1 кВт*сағ үшін орташа өт­кізу тарифі 6%-ке өсті (17,80-ден 18,88 теңгеге дейін), оның ішінде тұрғындар үшін өсім 5%-ті құрады (15,90-дан 16,70 теңгеге дейін).

23 қыркүйектен бастап «Шиелі Жары­ғы» ЖШС-да электр энергиясының 1 кВт*сағ үшін орташа өткізу тарифі 2,6%-ке (18,55-тен 19,04 теңгеге дейін) өсті, оның ішінде тұрғындар үшін өсім 2,6%-ті(17,49-дан 17,95 теңгеге дейін) құрады.

Коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілген кезде негізгі жүктемені бюджеттік ұйымдар көтереді. Коммунал­дық қызметтерге тарифтердің барлық өзгерістері инфляцияның жоспарланған дәлізі шегінде жүзеге асырылады.

Жылумен жабдықтау, газбен жабдық­тау қызметтерінің тарифтері өзгеріссіз қалды.

Цифрландыру

Өңірді цифрландыру «Цифрлық Қа­зақстан» мемлекеттік бағдарламасы  және Қазақстан Республикасының «ақыл­ды» қалаларының эталондық стандарты аясында жүзеге асырылады.

Қызылорда облысы 2020 жылдың І жартыжылдығының қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар арасындағы «ақылды» қалалар рейтингінде 5-орынды (61%) иеленді. Бүгінгі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және ҚР «ақылды» қалаларының эталон­дық стандартын қайта бекіту процесі жүргізілуде.

2020 жылы 7 бағыт бойынша («Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Қауіпсіздік», «Көлік», «Қаланы басқару», «Экология», «Бизнесті дамыту және туризм») 1,9 млрд. теңге қаражатқа (853,9 млн. теңге – жергілікті бюджет; 1,1 млрд. теңге-мемлекеттік-жекешелік әріптестік) 14 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Оның ішінде:

– 2 жоба толығымен аяқталды (DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу, Медициналық куә­ландырудың электрондық жүйесін енгізу);

– 2 жоба аяқталу сатысында (Ақпа­раттық туристік сайт-VisitOrda, «Tazalyk» мобильді қосымшасы»);

– 10 жоба 2021 жылға ауыспалы (Қауіпсіз мектеп, Медициналық анық­та­маларды автоматтандыру (35-2/у, 079/у және санаторий-курорттық карта), Жол қозғалысы ережелерін тіркейтін авто­мат­тандырылған құралдар жүйесі (Арқан), Электрондық қылмыстық іс (Е-УД), Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі (ЕРАП), Датчиктер және өрттің алдын алуды басқару жүйесі, Қызылорда қаласының қоғамдық көлік­теріне электрондық билеттеу жүйесін орнату, Аялдамалардағы ақпараттық табло, Қоқыс тасымалдаушы көліктерді диспетчерлеу, Өңірлік геоақпараттық жүйе).

Білім беру саласында «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша облыстық бюджеттен 70 орта білім беру мекемесіне бейнебақылау камераларын орнатуға 250 млн. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде Қызылорда қаласының 14 мектебі (қаладағы мектептердің жалпы санының 24,1%-ін құрайды) және аудандардың 56 мектебі (аудандардағы мектептердің жалпы санының 23,8%-ін құрайды). Аудан мектептерінде камераларды орнату және Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығы (бұдан әрі-ЖБО) интеграциялау бойынша барлық жұмыстарды аяқтады. Қазіргі таңда қала мектептерінде ЖБО-мен интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында Қызыл­орда облысының 13 медициналық ұйы­м­ында «DICOM бейнелерін жіберу және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы жүзеге асырылды. Барлық қажетті жабдықтар сатып алынып, орнатылды.

PACS жүйесіне жыл басынан бастап сақтауға және мұрағаттауға 35 764 электрондық бейне келіп түсті.

Сонымен қатар, медициналық анық­тамаларды автоматтандыру (35-2/у, 079/у және санаторий-курорттық карта) және QR-код беру жобасы медициналық анық­тамалар нысандарының өзгеруіне байланысты 2021 жылға ауыспалы жоба болып қалады.

«Электрондық медициналық куәлан­ды­ру жүйесі» (психобелсенді заттарды тұтыну және мас болу фактісін анық­тау үшін медициналық тексеру де­рек­­терін жинауды, сақтауды және өң­деуді автоматтандыруға арналған веб-плат­форма) Қызылорда облысының 9 меди­циналық ұйымына енгізілді. Жүйе «Даму-Мед» медициналық ақпараттық жүйе­сімен интеграцияланған, ал сертификаттау нәтижелері пациенттің элект­рондық денсаулық паспортына автоматты түрде енгізіледі.

Жоба іске асырылғалы бері веб-платформа арқылы психобелсенді заттарды қолдану және мас болу фактісін анықтау үшін өткізілген медициналық тексерулердің саны 7423 құрады.

Қауіпсіздік саласында Қызылорда қаласында жол жүрісі қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында құны 401 млн.теңге болатын жол қозғалысы ережелерін тіркейтін автоматтандырылған құралдар жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүр­гізілді. Нәтижесінде үлкен көлік ағыны бар көшелерге 13 стационарлық «Аркан» жылдамдық өлшегіші орнатылды.

Қазіргі уақытта 272 бейнебақылау ка­мерасы ЖБО бейнебақылау жүйесімен интеграцияланған, қолданыстағы бейне­бақылау камераларын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылы кезең-кезеңімен «Элект­рондық қылмыстық іс (Е-УД)» жобасы бойынша 50 автоматтандырылған жұмыс орны, «Әкімшілік құқық бұзушылық­тардың бірыңғай тізілімі» жобасы бойынша 150 планшет сатып алынды.

Көлік саласында «Қызылорда қала­сының қоғамдық көліктеріне электронды билеттеу жүйесін орнату» жобасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында «AlemPay» ЖШС-ның (Алматы қ.) жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта «Қызылорда Авто­бус Паркі» ЖШС-ның 103 автобусына стационарлық валидаторлар мен элект­рондық билеттеу жүйесінің терминалдары орнатылды. Кондукторлар мен жүргізушілер терминалдарды пайдалану бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтті.

Бүгінгі таңда жолаушылар төлемді онлайн түрде жүргізеді, көлік карталарымен – 85 теңге (SMS, QR-код бойынша, «SMSBUS» мобильді қосымшасымен – 80 теңге (кэшбэктер және 10 теңгеге дейін жеңілдіктер қолданылады), ал қолма-қол төлеммен 90 теңге. Сатылымға 70 мың көлік картасы берілді (автобус кондукторларынан, «Қызылорда Автобус Паркі» ЖШС-нан, «Арай Сити» СОО-дан, «Ақпейіл», «Океан Сити», «Қанат» супермаркеттері мен дүкендерінен және т.б. сатып алуға болады).

Жеке тасымалдаушылар үшін қала­лық қатынастарда жолаушылар мен жүк тасымалдау маршруттарына қыз­мет көрсету құқығына конкурс өткі­зілуде. Жаңа шарт бойынша жеке тасы­малдаушылардың автобустарында жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі үшін арнайы жабдық орнату міндетті.

Сондай-ақ, таблодағы ақпаратты уақытылы жаңарту үшін 2019 жылы сатып алынған 26 ақпараттық таблоны «Автобус паркінің» орталық серверіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба «Электрондық билеттеу» жобасы толық іске асырылғаннан кейін жүзеге асырылады. Жоба халықтың хабардарлығын 40%-ке арттыруға мүмкіндік береді және жолаушының күту уақытын үнемдейді.

Сонымен қатар, бүгінде «SMSBUS» мобильді қосымшасы жұмыс жасауда, онда электрондық билеттеу жүйесіне қосылған қаланың қоғамдық көлігінің қозғалысы, аялдамалары мен маршруттары туралы ақпарат алуға болады.

Экология саласында ағымдағы жылы «Қоқыс тасымалдаушы көліктерді диспетчерлеу» жобасы бойынша датчиктер орнату күтілуде. Бүгінгі күні 104 көлік құралына GPS трекерлер орнатылды. Жанар-жағармай деңгейін бақылау дат­чиктерін 136 бірлік техникаға орнату күтілуде.

Бизнес және туризм саласында Қы­зылорда қаласының ІТ-парк бағдарла­машылары «VisitOrda – ақпараттық турис­тік сайтын (http://visitorda.kz)» әзірледі. Бүгінгі таңда сайтты толтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қызылорда облысының «VisitOrda» туристік ақпа­раттық сайты үш тілде жүргізілетін болады. Жобаның мақсаты Қызылорда облысы және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, сондай-ақ туристік объектілердің бірыңғай базасын құру болып табылады.

Қалалық басқару саласында «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» енгізілуде.

2020 жылы жобаның бірінші кезеңінде аймақтың бірыңғай картографиясы, гео­порталдың платформасы енгізілді. Геопортал https://orda.geoportal.kz мекен-жайында қол жетімді.

Екінші кезеңде жобаны толық іске асыру үшін 2021 жылы мемлекеттік ор­гандардың ақпараттық жүйелерімен, атап айтқанда, жеке тұлғалардың  мем­лекеттік деректер қоры, заңды тұлғалардың мем­лекеттік деректер қоры, азаматтық хал актілерді тіркеу ақпараттық жүйесі, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемле­кеттік кадастры ақпараттық жүйесі, бі­рыңғай мемлекеттік қала құрылысы кадастры, электронды үкімет порталымен интеграциялау жоспарланған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көр­сету үшін инженерлік желілерді толық цифрлау және жер учаскелерінің нақты жай-күйін түгендеу талап етіледі.

«Өңірлік геоақпараттық жүйе» жобасы толық енгізілгеннен кейін осы жүйе арқылы жер қатынастары және сәулет, құрылыс саласында мемлекеттік қыз­меттер көрсету жоспарлануда.

Мемлекеттік

қызметтер

2020 жылы облыс бойынша барлығы 5 162 622 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Оның ішінде:

– 72 404 қызмет (1,6 %) Мемлекеттік корпорация арқылы;

-3 103 366 (67,3%) «Электронды үкі­мет»  веб-порталы және жергілікті қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқы­лы;

– 1 436 199 (31,1%) қызмет мемлекеттік органдармен қағаз түрінде көрсетілген.

Тұрғындардың қызметтерді электронды түрде алуына мүмкіндік жасау мақсатында 568 қызмет көрсетуші жергі­лікті атқарушы орган мен оларға қарасты мекемелер Мемлекеттік корпорацияның «Connection Point» өзіне-өзі қызмет ету секторының үлгісіндегі «Электрондық үкі­мет» бұрыштарымен қамтамасыз етілді.

Барлық аудан және қала әкімдік­терінде «Сервистік әкімдіктер» ашылды.

Сонымен қатар, электронды қызмет­терді еш кедергісіз алу үшін 2020 жылы Қызылорда қаласында «Электронды қыз­меттерді өздігінен алу орталығы» ашылып, жұмыс жасауда. Онда Мемле­кеттік корпорацияның консультант қызмет­кер­лері қызмет алушыларға қызметті электронды түрде алу дағдыларына үйретіп, кеңестер беруде.  

Цифрлық сауаттылық

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында халықтың цифрлық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін компьютерлік дағдыларын арттыруға бағытталған «Халықтың цифрлық сауат­тылық деңгейі» нысаналы индикаторы қарастырылған.

2020 жылы облыс бойынша халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 81,5%-ке жеткізу үшін 15 000 адамды оқыту жоспарланған.

Цифрлық сауаттылыққа оқыту 5 бағыт бойынша жүргізіледі: «Базалық цифрлық дағдылар», «Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер», «Ашық үкімет», «Электрондық сауда», «Ақпаратты қорғау дағдылары».

Бүгінгі күні халыққа арналған цифр­лық сауаттылыққа оқыту курстары тұрақты және ақысыз негізде жүргізіледі.

2020 жылы пандемияға байланыс­ты цифрлық дағдыларды оқыту ҚР ЦДИАӨМ – digitalkz.kz сайтында, телеграм каналдар мен әлеуметтік желілер (Facebook, instagram) арқылы жүргізілді. Жалпы, облыс тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылы 15 345 адам немесе жоспардың 102,3%-і оқудан өтті.

Бюджет

Шоғырландырылған бюджетке (мем­ле­кеттік бюджет және Ұлттық қор) облыстан 222,7 млрд. теңгенің түсімі қам­тамасыз етілді (2021 жылдың 1 қаң­тарына).

2020 жылы мемлекеттік бюджетке 128,1 млрд. теңге түсім жоспарланып, нақты  135,6 млрд. теңге түсті, бұл есепті жылғы болжамға 105,9%-ті құрады.

Республикалық бюджетке түсім жоспары 100,8%-ке орындалды.

Жергілікті бюджет бойынша болжам 112,9%-ға орындалды. Бұл ретте 2019 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 1,0 млрд. теңгеге ұлғайған.

Бюджеттің шығыс бөлігіне келсек, 2020 жылға арналған облыс бюджеті 301,7 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл ішінде нақтылау нәтижесімен ол 376,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте, облыс­тың өз кірістері 60,3 млрд. теңгені, рес­публикалық бюджеттен келген трансферттер мен қарыз қаражаттар 313,9 млрд. теңгені құрады.

Бюджет әлеуметтік сипатын сақтап қалды. Шығыстардың жалпы көлемінің 58%-і немесе 218,5 млрд. теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды. 

2020 жылы облыс бюджетінің шығыс­тар жоспары 98,1%-ке орындалды (жоспар 376,5 млрд. теңге, орындалғаны 369,5 млрд. теңге). Оның ішінде жер­гілікті бюджет қаражаты 97,8%-ке, рес­публикалық бюджет қаражаты 99,0%-ке игерілді.

«Ауыл – ел бесігі»

арнайы жобасының

іске асырылуы

Ауылдағы әлеуметтік ортаны жақ­сарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы іске асырылуда.

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру үшін облысқа 4,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 3,8 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен 437 млн. теңге.

Аталған жоба аясында Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарында және Қызылорда қаласының ауылдық елді мекендерінде 60 инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде:

Арал ауданының Жақсықылыш кен­тінде 3 жоба (оқу корпусының жапсаржайын салу, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы,жалпы ұзындығы 2,3 шақырым кентішілік көшелерді орташа жөндеу);

Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында 16 жоба (тұрғын үйлерге сумен жабдықтаудың сервистік желілерін жүргізу, орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу, 8 көшені жарықтандыру, жалпы ұзындығы 13,3 шақырым ауылішілік 6 көшені орташа жөндеу);

Жалағаш ауданының Жалағаш кен­тінде 1 жоба (200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы);

Сырдария ауданының Ақжарма ауылында 4 жоба (көшелерді жарықтандыру, көшелерге темір-бетонды лотоктар орнату, жалпы ұзындығы 23,2 шақырым 2 ауылішілік көшені орташа жөндеу);

Шиелі ауданының Ақмая ауылында 3 жоба (орта мектепті күрделі жөндеу, көшені жарықтандыру, 3 шақырым ауылішілік көшелерді орташа жөндеу);

Жаңақорған ауданының Жаңақорған және Шалқия кенттерінде 13 жоба (тұрғын үйлерге сумен жабдықтаудың сервистік желілерін жүргізу, 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы, орта мектепті күр­делі жөндеу, ұзындығы 11,9 шақырым кентішілік 10 көшені орташа жөндеу);

Қызылорда қаласының Ақсуат ауылында 20 жоба (орта мектепті күрделі жөндеу, жалпы ұзындығы 14,9 шақырым ауылішілік 19 көшені орташа жөндеу).

Жүргізілген жұмыстардың нәтиже­сінде 2020 жылы 3278 тұрғын үйге сер­вистік су құбыры жүргізілді, 23,2 ша­қырым көше жарықтандырылды, 68,6 ша­қы­рым көше жөнделді. Барлығы 298 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 109 тұрақты.

«Дипломмен –

ауылға!» жобасының

іске асырылуы

Ауылдық жерлерге кадрлар ағынын ынталандыру және тұрақты тыныс-тір­шілікті қамтамасыз ету мақсатында ден­саулық сақтау, білім беру, әлеу­мет­тік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сала­сын­дағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызмет­шіле­ріне әлеуметтік қолдау шаралары ұсы­нылуда.

Мәселен, 2020 жылы аудандық және қалалық бюджеттерден 652 маманға көтерме жәрдемақы ұсыну үшін 162,5 млн. теңге қаражат бөлініп толығымен игерілді. Нәтижесінде, 349 білім беру, 219 денсаулық сақтау, 22 мәдениет, 8 әлеуметтік қамсыздандыру, 25 спорт, 29 агроөнеркәсіптік кешен маманы көтерме жәрдемақы алды.

544 маманға тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беру үшін рес­публикалық бюджеттен бөлінген 2,1 млрд. теңге де толығымен игерілді. Осылайша, 286 білім беру, 167 денсаулық сақтау, 22 мәдениет, 2 әлеуметтік қамсыздандыру, 30 спорт, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің 19 маманы жеңілдетілген несие алды.

Қызылорда

облысының

2023 жылға

дейінгі әлеуметтік-

экономикалық даму

жоспарының іске

асырылуы

Пандемия және карантиннің салдарынан өндірістің төмендеуі өңірдің экономикалық жағдайына кері әсер етті.

38 мың шағын және орта бизнес субъектісі қызметін тоқтатқан (74%), онда 47 467 адам жұмыс жасаған.

Осы жағымсыз факторлар табыс көзі­нің төмендеуі, жұмыссыздықтың өсуіне әсер етті.

Бұл жағдайлардың салдарына қарсы тұру үшін тиісті шаралар қабылданды.

Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін шаруашылық субъектілеріне талдау жүргізілді. Өңірде 71 азық-түлік және 35 азық-түлік емес тауар сырттан әкелінеді, 16 ауыл шаруашылығы және басқа да өнім, 5 азық-түлік емес өнім өңделмейді, 28 азық-түлік және 7 азық-түлік емес тауар жеткіліксіз өндірілетіндігі анықталды.

Осыған орай, Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары әзірленіп, онда экономиканың түрлі салаларында жалпы құны 271 млрд теңгені құрайтын 265 жоба қарас­тырылды.

Жоспардың басты мақсаты – кәсіп­керлікті және экономиканың нақты сек­торын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, азық-түлік және азық түлік емес тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету.

Аталған жұмыстар аясында «Байқо­ңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметі қайта бағдарланып, бұл жұмыстарға, сонымен қатар, барлық қаржы институттары жұмылдырылды.

2020 жылы облыстық бюджеттен «Байқоңыр (Байконур) ӘКК» АҚ-ға аймақтың ауыл шаруашылығының, кәсіп­керліктің және өнеркәсіптің дамуына бағытталған 7 біріккен жобаны іске асыруға құны 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жобалардың жалпы құны 3,5 млрд. теңге құрайды. Оның 2 жобасы экспортқа бағытталған болып табылады, олар – ет өнімдері және кварц топырағын байыту жобалары.

2020 жылы жалпы сомасы 7,1 млрд. теңгеге 89 жоба іске асырылды, 1047 жұмыс орны құрылды.  Бұл – азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдары өндірісі, мал шаруашылығын дамыту және басқалары.

Қызылорда

облысын әлеуметтік-

экономикалық

дамуының 2019-2022

жылдарға арналған

Кешенді жоспарын

іске асыру туралы

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусым­дағы №375 қаулысымен бекітілген Ке­шенді жоспардың іс-шараларын іске асыруға 2020 жылы 30,4 млрд.теңге бө­лінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 17,5 млрд. теңге, жергілікті бюд­жеттен – 12,7 млрд. теңге, басқа да көз­дерден 0,2 млрд. теңге.

2020 жылы Кешенді жоспардың 80 іс-шарасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді, оның ішінде 25-і толығымен орындалды, қалған 55-і орындалуда.

Атап айтқанда:

– Тереңөзек, Жақсықылыш кенттеріне орамішілік желілер тартылды, 154,4 шақырым газ құбыры салынды;

– Қызылорда қаласындағы ЖТ-15А-дан бастап ЖТ-17А-ға дейін, ЖК-17А-дан бастап ЖК-19-ға дейін, ЖК-22-ден бастап Әйтеке би №5, Қазыбек би №20, Тоқмағанбетов №18-ге дейін, ЖТ-16-дан бастап «Шұғыла» шағын ауданындағы №49, 50, 51, 52 тұрғын үйлерге дейін магистральдық жылу желілері қайта жаңартылды (3,9 шақырым жылу желілері қайта жаңартылды);

– Арал ауданы Шөміш станциясының сумен жабдықтау желілері қайта жаңар­тылды және кеңейтілді, Қазалы ауданы Бекарыстан би елді мекенінде тұрғын үйлерге су құбыры сервистік желілерінің, Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық округінің Қараөзек станциясының су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды (47,8 шақырым су құбыры желілері салын­ды, 1699 тұрғын ауызсуға қол жеткізді);

– Арал қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигонның құрылысы, Қызылорда қала­сында байдарка және каноэ базасының құрылысы аяқталды;

– Қызылорда қаласында көгалдағы хоккей алаңын, Ақай ауылдық округінде, Жосалы, Жалағаш, Шиелі, Тасбөгет кент­терінде дене шынықтыру-сауықтыру кеше­­нін салуға жобалау-сметалық құжат­тама әзірленді;

– инженерлік инфрақұрылымның 7 жобасының құрылысы аяқталды (Қызыл­орда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігінде 710 пәтерлі 16 көпқабатты тұрғын үй газбен жаб­дық­тау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілді, Сырдария ауданының Тереңөзек кентіндегі жаңа шағын ауданға 33,4 шақырым су құбыры желісі салынды);

– 187 шақырым автомобиль жолы салынды.

Келесі іс-шаралар бойынша жұмыстар жалғасуда:

– Шу-Сарысу шөгінді бассейніндегі геологиялық зерттеуге 2020 жылы республикалық бюджеттен 700,0 млн.теңге бөлінді. «Азимут Геология» ЖШС-мен шарт жасалды, сейсмикалық барлау жұмыстары, сондай-ақ далалық жұ­мыстар кезеңінде алынған электрбарлау деректерін камералдық өңдеу жүргізілуде;

– кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға, кредиттер бойынша ішінара кепілдік беруге, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар беруге және жас кәсіпкерлерге гранттар беруге «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 466,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 1680,9 млн. теңге бөлінді, шарттарға 507 жоба бойынша қол қойылды;

– Жосалы және Жалағаш кенттерінде газ жеткізу құбырының және орамішілік желілерінің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Төретам және Ақай елді мекендеріне газ құбырының құрылысына ЖСҚ әзірленуде;

– ЖТ-7-ден бастап ЖТ-13-ке дейін, Оңтүстік қазандықтан бастап ЖТ-7-ге дейін, ЖТ-13-тен бастап ЖТ-15А-ға дейін, Оңтүстік қазандықтан бастап ЖО – 1-ге (Автобус паркі) дейін  магистральды жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, жобаларды аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр;

– Қызылорда су торабын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, республикалық бюджеттен 2020 жылға 500 млн. теңге, 2021 жылға 1121 млн. теңге бөлінді;

– Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде және Қараөзек ағысында су қоймаларын салуға, сондай-ақ Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде;

– Әйтеке би кентінде аудандық емха­наның құрылысы жүргізілуде, пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<