Қызылорда: «Жастар аллеясы» ашылды

931

0

Бүгін сол жағалаудан «Жастар аллеясы» ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза табиғат» жобасына кеңінен тоқталды. Аллея жастарға сая болар мекенге айналатынына сенім білдіріп, қозғаушы күш – жастарға толайым табыстар тіледі.

Сонымен қатар шарада қоғам қайраткері, ҰҒА академигі, профессор Бақберген Сәрсенұлы, әнші, отандық эстраданың жарық жұлдызы Ақбота Керімбекова да құттықтау сөз сөйледі.

Қызылорда: "Жастар аллеясы" ашылды


Алашқа ана болған қазыналы мекеннің қасиетіне, туған жерге жасалған тағзымға, Сыр жастарына ерекше ілтипат білдірді.

М. СНАДИН