Қызылордада мас азамат суға батып кетті

888

0

14 маусым күні кешкілік 112 құтқару қызметіне «Арай» шағын ауданы тұсындағы Сырдария өзенінің суға түсуге тыйым салынған жерінде 1975 жылғы ер азаматтың батып кеткені туралы шақырту түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен Өрт сөндіру қызметінің жедел-құтқару жасақ құтқарушылары азаматты су астынан іздестіру жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай суға мас күйінде батып кеткен азаматтың мәйітін алып шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<