Қызылордада қызметтік автокөлікте ұйықтап жатқан полицейлер жұмыстан шығарылды

984

0

Қызылордада әлеуметтік желі беттерінде кеңінен талқыланған қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері жұмыстан шығарылды.

Видео кеше, 14 мамырда «Whatsapp» арқылы тарады. Онда қызметтік автокөлік ішінде ұйықтап жатқан екі полиция қызметкері көрсетілген.

«Аталған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Жедел түрде департаменттің тәртіптік кеңесінде әдеп кодексінің талаптарын бұзған екі қызметкердің және оларға тікелей жетекшілік жасайтын басшыларының жауапкершілігі қаралды. Тәртіптік кеңес шешімімен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, қызметкерлердің тікелей басшыларына қатаң тәртіптік жаза қолданылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Әділжан ҮМБЕТ


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<