Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 279-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 219. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның төртеуі- коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған. Ал үшеуі – көпбейінді қалалық аурухананың фильтр кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», – деді ол.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған 3695 азамат анықталды. Оның 2051-і – жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама байланыста болған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<