«Зерде» серіктестігінің Қызылорда қаласында тағы бір өкілдігі ашылды. Оған қарасты үшінші дәріхана Абай даңғылы, 28 үйде (бұрынғы «Abdi» СҮ) орналасқан.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, игі шара дәрі тапшылығын жою және халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында қолға алынып отыр.
Сонымен қатар, дәріханалардағы ұзын-сонар кезекті азайтуға бағытталған.
Сб-ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<