Қызылордада жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды

777

0

Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде облыс орталығының екі тұрғыны спирттік ішімдікті мөлшерден тыс пайдаланудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Ішімдік ішкен екі азамат жанжалдасып, салдарынан олардың бірі  екіншісінің аяғына пышақ жарақатын салған. Соңғысы оқиға орнында қайтыс болды.

«Күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстап, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізді. Тергеу барысында оның бұрын сотталған, қаланың жұмыссыз тұрғыны екені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта, аталған дерекке сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру, яғни, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Алкогольдік ішімдікті асыра пайдалану – азаматтарға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаудың басты себептерінің бірі. Есін жиған қылмыскерге жасаған қылмысының себебін түсіндіру қиынға соғуы әбден мүмкін. Дей тұрғанмен, күдікті расымен қылмыстың осы түрін жасаған болса, онда сот шешімімен сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<