Бүгіннен бастап елімізде 54 жолаушылар пойызы қайтадан жолға шықты. Соның 5-уі Қызылорда қаласынан жүреді, – деп хабарлады облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.
Атап айтқанда:
1. №21/22 «Семей – (Алматы) – Қызылорда – Семей»
2. №55/56 «Көкшетау- Қызылорда – Көкшетау»
3.№75/76 «Петропавл – Қызылорда – Петропавл»
4. №117/118 «Қызылорда – (Жезқазған) – Нұр- Сұлтан-1 – Қызылорда»
5. №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағыттары
Жолаушылар санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы тасымалданады. Жолаушылар сапарға шығу үшін термометриялық процедурадан өтеді. Теміржол вокзалына және әуежай ғимаратына жолаушылар ғана жіберіледі.
Сондай-ақ, оларды көліктен отырғызу немесе одан түсіру кезінде 1,5-2 метр аралығындағы қашықтық сақталуы тиіс.
Жолға шығатын адам өзімен бірге міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын (бетперде, санитайзер) алып жүреді.
Сб-ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<