Фото: Асылбек Алғашовтың жеке мұрағатынан
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Асылбек Алғашов кірпіштен киіз үй салып, оны есіктен төрге дейін ұлттық салт-дәстүрге сай жабдықтады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шаңыраққа енген сәнттен көне сандық үстінде жиналған жүк пен домбыра келген адамнығ көзіне бірден түседі.Бұл құрылыс этностильде жасалған, заманауи талапқа толықтай сай. Үйдің ішінде асхана, жатын бөлмесі орналасқан.
«Көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Анам 10 құрсақ көтерген. Ұсталар отбасында тәрбиелендім. Атамыз ағаштан түйін түйген ұста адам болған екен. Бала кезімде ұсталықтың қыр-сырын да үйрендім. Осы ағам туыстарыма бір-бір киіз үйден жасап берді. Ес білгелі балалық шағым кәдімгі қазақы киіз үйде өтті. Қараша үйдің қадір-қасиетін сол кезден ұғындым», – дейді үй иесі.
Жалпы қазақы дәстүрмен салынған үйдің диаметрі – 10 метр. Оны салуға заманауи құрылыс материалдары пайдаланылған.
Үй иесі оысалйша ескі мен жаңа үлгіні ұштастырды. Оған қызығушылық білдірген көпшілік аз емес. Өзге өңірден келетіндер де бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<