Сол жағалау тұрғын үйлерінің жылу жайы қалай?

1066

0

Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету мақсатында автономдық қазандықтың құрылысы 2018 жылы басталып, ағымдағы жылы мердігер «Ария Жаңа Астана» ЖШС-гі құрылысты толық аяқтады.

Модульдік жылу қазандығы арқылы сол жағалау аумағында орналасқан 32 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан жылумен қамтамасыз етілуде.

Биылғы жылдың тамыз айында сол жағалау тұрғыны атанғанын қуанышпен еске алған 5 баланың анасы Айдана Молданазарова «баспанама ауыз су, ыстық су келіп, жылы болуы үйді жайлы, көңілімізді тоқ етеді» – деп, көп балалы аналар үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға ризашылығын білдірді.

Айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Сол жағалау тұрғындары тарапынан жылуда мәселе орын алғандығы хабарланған болатын. Осы орайда, 2 желтоқсан күні сала мамандарының жұмылдырылуымен Сол жағалау тұрғын ауданындағы №47 және 48 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйесінде орын алған ақауды (жаңа жылу қазандығын қосу барысында туындаған) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын. Қазіргі күні бұл мәселе сала мамандарымен өз шешімін тауып, тұрғындар тарапынан жылу бойынша шағымдар түсіп жатқан жоқ. Әр тұрғын үй тексеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<