Түлектер грантына байқау жарияланды

824

0

Сыр елінде IT және инновациялар саласын дамытуда орталықтар ашылғаны белгілі. Сәйкесінше, орталық жастар арасында грант жариялауда. Бұдан бөлек, жастарға өзге де жеңілдіктер жүріп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Түбекбаев мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда Астана хаб технопарктің Қызылорда облысында өкілетті офисі ашылды. Хабтың басты мақсаты- өңіріміздегі ІТ кадрлар мен жобаларды дамыту, білім беру және қаржыландыруға шығару. Бұл Сыр жастарына IT және инновациялар саласындағы жобаларын іске асыруға мол мүмкіндік береді. Осы серіктестік аясында жасайтын алғашқы іс-шарамыз «Startup Talapker» атындағы байқау мектеп және колледж бітіруші түлектердің арасында өтеді. Байқау 20-сәуірде басталады. Байқау барысында мектеп бітіруші оқушылар мен колледждің үшінші, төртінші курс студенттерінен кәсіпкерлік жобалары жиналады. Бәсекелестікке сай келетін жобалардың жеңімпазы 5-мамырда белгілі болады. Жеңіске жеткен жоба Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің грантын иегері атанады. 1-і орынға 100 пайыз, 2-і орынға 50 пайыз, 3-і орынға 25 пайыз жеңілдік беріледі. Басқа да қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар тағайындалады. Бұл жоба барлық түлектерге пайдасын тигізеді деген ойдамыз. Байқауға қатысам деушілер өтінімдерін онлайн түрде www.startuptalap.kz сайтында бере алады. Өтінімдер 20 сәуірге дейін қабылданады, – деді Жанарыс Алтынбекұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<