Тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды сақтаған қызылордалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында сотпен тыйым салынған діни мазмұндағы аудио материалдарды “Вконтакте” әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында деструктивті діни ағымын ұстанатын 40 жастағы облыс тұрғыны анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 1-бөлігінде (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<