Газ бағасы тарифінің құрылымын зерттеу, газ өндіру көлемі мен оны пайдалану мәселесіне мониторинг жасау мақсатында 2021 жылдың 7-ші қазанында облыстық қоғамдық кеңес жанынан сараптамалық комиссия кұрылған болатын.
Сараптамалық комиссия мүшелері бірнеше ай көлемінде газ мәселесіне қатысты ақпараттарды жинақтап, зерделеу жүргізді. Олар тарапынан көгілдір отын бағасын төмендетуге ұсыныс жасалды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына қарасты бірнеше мекемелердің атқаратын қызметтері туралы ақпарат сұралды.
Жұма күні «Достық» үйінде өткен қоғамдық кеңес отырысында сараптамалық комиссиясының қорытынды есебі тыңдалды. Онда сараптамалық комиссиясының төрағасы Болат Нұрқажаев жинақталған ақпараттар зерделеніп, соған байланысты берілетін ұсыныстар топтамасы облыс әкіміне және Үкіметке жолданатынын мәлімдеді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<