«Уылдырық» акциясы: 126 заң бұзушылық анықталған

1131

0

Жыл сайын көктем айларында балық қорғау «Уылдырық» акциясы республика бойынша өткізіліп келеді.

Арал-Сырдария бассейні бойынша – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде 1 сәуір мен 10 маусымды қоса алғанда балық аулауға тыйым салу енгізілген.

Балық шаруашылығы комитетінің 2021 жылғы 12 наурыздағы бұйрығына сәйкес, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының келісімімен «Уылдырық-2021» атты акциясының іс-шара жоспарлары бекітіліп, жұмыс кестесі әзірленді.

Инспекция бойынша 126 балық қорғау заңнамасының бұзушылығы анықталып, оның ішінде 32 іс сот орындарының қарауына жіберілсе, 15 іс құқық қорғау органдарына жолданды. 77 ереже бұзушыларға 1 166 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толықтай өндірілді. Табиғатқа келтірілген залалы үшін 5 852 мың теңге салынып, оның 2 218 мың теңгесі өндірілді.

Балық аулау ережесін бұзушылардан 2 тонна 685 кг балық, 121 дана тыйым салынған аулау құралдары болып табылатын – 98 ау, 23 жүзу құралы, 1 мотоцикл, 4 мотор, 3 аккумулятор, 2 тоқкүшейткіш, 2 шанышқы, 2 прожектор сот шешімі шыққанша алынып қойылған.

Сонымен бірге, сот шешімімен 8 кг сазан балығы, 1 дана құжатсыз 3 доңғалақты мотоцикл, 2 қайық ескегі, 1 үрмелі қайық мемлекет пайдасына тәркіленді. 88 дана полиамидті моноталшықтан жасалған синтетикалық ау сот шешімен жоюға шешім шығарды.

Егесіз 10 ау-құралдары және 7 жүзу құралы алынып, акт толтырылып құзырлы органдарға жолданды.

Уылдырық шашып көбею мезгілінде, балық шаруашылығы саласындағы заңдылықтарды көпшілікке түсіндіру мақсатында 30 үгіт насихат жұмыстары, мақалалар, брифингтер ұйымдастырылды.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<