Жастар жазда да бос отырмайды

1160

0

«Жасыл ел» бағдарламасы – жастардың жұмысқа орналасуына, оларды еңбекке баулуда таптырмас мүмкіндік болып отыр. Бағдарлама қолға алынғанына биыл –
16 жыл.

2005 жылы Елбасы тапсырмасына сай «Жасыл ел» республикалық еңбек жасақтары штабы құрылған болатын. Сол жылы Қызылорда облысында бұл бастамаға 5 мыңдай адам тартылып, олардың 2600-ін аудандардан келген жұмыссыз жастар, қалғанын жоғары және орта оқу орындарының студенттері құраған еді.


Әдепкі бастамада осы жасақ­тардың жұмысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 2,7 млн тең­ге бөлінген. Ал биыл бұл қар­жы 70 млн теңгені құрап отыр.

Жалпы, осы жылы «Жасыл ел» жасағына 1115 жас қаты­сады. Олар «Қызылорда таза­лығы» және «Зеленстрой» жауап­кер­ші­лігі шектеулі серік­тестіктері ныса­нында жұмыс істейді. Жоба жұ­мысын жүргізу «Самғау» жас­­тар қоғамдық бірлестігіне жүктелген.


– Еңбек жасақтарында әр ауданнан 110, облыс орталығынан 345 жас қамтылды. Мақсат – қала мен аудан және елді мекендерде тазалық жұмысын жүргізіп, көркейту, көгалдандыру істерін жүзеге асыру. Бұл ретте осы кезге дейінгі тәжірибелерді жетілдіруге де үлкен мән беріледі. Еңбек жасақтарының жалақысы бюджет есебінен төленеді. Ал оны облыстық ішкі саясат басқармасы үйлестіріп отырады, – дейді қоғамдық бірлестік директоры Хакімбек Аманбаев.


Жастарды еңбексүйгіштік пен тазалыққа тәрбиелейтін бағдар­ламаның болашағы баянды. Жастар жасағы қатарында еңбек етіп, қосымша қаражат тапсам дегендердің дені жас буын. Бағдарламаның да мақсаты – елді мекен ішін жасыл желекке көмкеріп, туған жерге деген патриоттық сезімін арттыра отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Жасақ мүшелерінің басым бөлігі студенттер. Жазғы демалыста бос уақытын тиімді өткізіп, оқу ақысына тамшыдай болса да теңге табуға мол мүмкіндік. Бұл мемлекеттің ел ертеңіне деген үлкен қамқорлығы. Бағдарлама бастау алғалы мыңдаған жастардың күшімен миллиондаған жасыл желек отыр­ғызылып, көгалдандыру жұ­мысына қомақты үлес қосқан. Облыста жастар жасағы маусымда өз жұмысын бастаған.


– «Жасыл ел» – жазғы уақыт­тары жастардың басын қоса­тын бірден-бір шара. Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына араласа отырып студенттердің қосымша қаражат табуына да үлкен мүмкіндік, – дейді сту­дент­тік-құрылыс жасағының коман­дирі Нұрдәулет Бекарыстанов.


Бағдарламаның бірінші кезеңінде 300-ге жуық жас жұмыспен қамтылған. Мысалы, облыс орталығында жасақтың 50 -ден астам сарбазы саябақтар мен алаңдарда жұмыс істеді. Олардың арасында бірнеше жыл қатарынан бағдарламаға қатысып келе жатқандары да бар.


– Біз жасақты негізінен әлеу­­меттік желілер, БАҚ-тағы жария­ланымдар арқылы тар­та­мыз. Жастар үшін бұл жаңа дос­тар табуға, қоршаған ор­таны сақтауға үлес қосуға жақ­сы мүмкіндік. Сонымен қа­тар, олар қосымша ақша таба алады, жалақы көлемі – 55 мың теңге. Оқушыларды жұмысқа орна­ластыру үшін мектептің анық­тамасы мен ата-анасының рұқ­саты қажет. Кәмелеттік жас­қа толған студенттер үшін – сту­денттік билет пен жеке куәлік. Биыл өтініш білдірген жас­тардың қатары қалың, – дейді Н.Бекарыстанов.


Жастар тазалық жұмыстары ғана емес, мәдени-көпшілік шара­­ларға да қатысуда. Биылғы қуаң­шылық салдары Арал ауда­ны халқына оңай тимегенін тереңінен ұғынған жастар көмек беруге қарқынды атсалысып, аудандардағы барлық жасақтар 1 апта бойы шөп оруға атсалысты. Орылған шөпті жеткізу жұмысын аудан әкімдіктері ұйымдастырды.

Мұнан бөлек, еңбек жасақтары Қызылорда қаласындағы жаңа­дан бой көтерген жұқпалы ауру­лар ауруханасы маңын абаттан­дыруда.


Сондай-ақ, алдағы уақытта «Экосақшы» арнайы жасақтары ұйымдастырылып, жер үйлер, көпқабатты үйлер ауласына тазалық жұмыстарын жүргізеді. «Ардагерлерді ардақтайық» атты шара қолға алынып, олар­дың ауласын тазалап, үй шаруа­сында қолғабыс жасайды. Еңбек жасағының биылғы жұмысы тамыз айының соңына дейін қоры­тындыланып, барлық аудан­дардағы үздік командирлер, үздік жасақ пен белсенді жас­тар анықталып, сыйлықтар, мара­паттар беріледі.

Жұмыс бітсе де жастар тығыз байланыста болады. Алдағы жалпыхалықтық тазалық күнінде 1 күн акцияға 1100 жас түгелдей қатысады.


Жалпы, облыс бойынша жұмыс қарқыны жаман емес. Бағдарлама іске қосылған 2005 жылдан 2013 жылға дейін сегіз жыл облыстық штаб төрағасы бол­ған Есенжол Назаров еңбек жа­сағына жүктеліп отырған мін­дет өте маңызды екенін айтады. Оның ойынша, жастардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оята отырып, оларды көгалдандыру жұмыстарына барынша тарту керек.


– Алғашқы жылдары аймақ жастарын бағдарламаның идео­логиялық маңызы ынталандырды деуге болады. Себебі, олар 23 мың теңге жалақыға жұмыс жасады. Ол кезде еңбекақы үшжақты келісім негізінде төленетін. 2005 жылы ең алғаш қазіргі Сұлтан Бейбарыс көшесі бойын көгалдандырудан бастадық. Бүгінде сол көшеттер жасыл желекке айналды. 2006 жылы жастар еңбек жасақтары 53 мың көшет отырғызып, 60 мың метрге жуық арықтарды тазалады. Бұдан бөлек, олар бұрын отырғызылған 59 мың ағашты күтіп-баптауға және суаруға қатысты. Ал, 2007-2008 жылдары облыс жастары республика бойынша аймақтар арасында екі жыл қатарынан үздік атанды. Мұндай жұмыстар бү­гінде өз жалғасын тауып, қар­қы­нын жоғалтпай келеді, – дейді ол.


Ағаш отырғызу, көгалдандыру жұмыстары аймақтың эко­логия­лық тазалығына оң әсерін тигізіп қана қоймай, аңызақ желден, жазғы шаң-тозаңнан қорғап келеді. Бүгінде мемлекеттік деңгейде мән беріліп жүрген «Жасыл ел» бағдарламасы өңірді көріктендіріп, таза аймақтардың қатарына қосуды көздейді.


Қорыта айтқанда, «Жасыл ел» – тек патриоттардың, елін сүйетін азаматтардың орны. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру әр қазақтың, ел болашағы болып саналатын жастардың міндеті. Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күн­нің, болашақтағы қоғамның қан­дай болатынын болжаймыз. Сон­дықтан олардың қоғам игілігіне қарай бет бұруы дұрыс дүние.


Биболат Сәтжан,


«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<