Жобалардың тиімділігі ескерілуі тиіс

600

0

Қазіргі кезде сапалы ұлт қалыптастыру үшін  азаматтарды спортпен шұғылдануға баулу – аса маңызды міндеттің бірі. Бұл ретте өңірлерде бұқаралық спортты дамыту деңгейін көтеру өзекті. Сыр елінде бұл көрсеткіш 34 %-ті құрады, яғни 282 мың облыс тұрғыны спорттың жаппай түрлерімен айналысуда. Алдағы уақытта осы көрсеткішті 38 %-ке жеткізу қажет.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықоваға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асылжан Жаманқұлов негізгі басымдықтар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Қазірде өңірдегі 21 спорт мектебінде 21161 бала мен жасөспірім 48 спорт түрі бойынша жаттығады. Өткен жылы халықты спорттық инфрақұрылыммен қамту үлесі 41,6%-ке жеткен. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 6 жоба іске асты. Осы жұмыстар нәтижесінде қызылордалық 188 спортшы Әлем чемпионаттарында жүлдегер атанып, 131 спортшы Азия чемпионаттарында медаль жеңіп алған.

А.Жаманқұлов мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберіндегі жобаларға да тоқталды. Өткен жылы осы бағытта 212 млн теңге бөлініп, 2156 бала тегін спорт үйірмелерге тартылса, биыл мемлекеттік тапсырыс көлемі 638 млн теңгеге дейін ұлғайып, 4312 баланы қамту жоспарланған.

Жаз мезгілінде Қытайда өтетін Азия ойындарына спортшыларды баптау және дайындық шаралары басталған.

Аймақ басшысы бұқаралық және балалар спортын өркендету үшін әрбір жобаның балаларға тиімділігі ескеріліп, спорттық тапсырыстың әділетті бөлінуін қадағалау маңызды екенін қаперге салды. Әсіресе, «Балалар жылы» аясында дарынды балаларға қолдау көрсетіп, спортпен кәсіби түрде шұғылданатын жеткіншектерге ерекше көңіл бөлу керектігін ескертті.  Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт нысандарын салу, демеушілермен тұрақты жұмыс жүргізуді әрі қарай ілгерілету қажет.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<