Жұмысшыдан басталған жол

512

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Нұрқышұлымен кездесті деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.


30 жыл ав­то­көлік сала­сында та­банды еңбек ет­кен ардагердің ғибрат­ты ғұмыр жолы кейінгі буынға үлгі екенін айтып, 80 жасқа толуымен құт­тықтады.


– Сырдың бойы өзінің адал­дығымен, пара­саттылығымен танылған, халқы үшін аянбай тер төк­­кен азаматтарға кен­де емес. Біз сол азаматтарға ла­йықты құрмет көр­се­тіп, өз­гелерге үлгі етуді дәстүрге айнал­ды­рып келеміз. Бұл рет­те ардагер Жәнібек Нұрқышұлы ағамыздың өнегелі жолы құрметке лайықты.
Сіздің басты байлығыңыз – отбасыңыз, ұрпағыңыз және салиқалы өмір белесіңіз. Ұрпағыңызбен мың жасап, ал­дымызда жөн сілтер ақыл­шымыз болып жүре беріңіз, – деді облыс әкімі.


Өңір басшысы ардагерге облыстың Құрмет грамотасы мен ҚР Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрінің Құрмет грамо­тасын табыстап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.


Кездесуде Қызылорда облы­­­сының жол саласы ас­со­­циа­циясының президенті Өмірбек Мөрәліұлы, облыстық ар­дагерлер кеңесінің төр­ағасы Серік Дүйсенбаев арда­гердің өмірлік қолтаңбасын айрықша атап өтіп, тілек­тестіктерін жет­кізді. Жәнібек Нұрқышұлы ілти­пат танытқан облыс әкіміне ал­ғыс айтып, өз естеліктерімен бөлісті.


Жәнібек Нұрқышұлы 1941 жылдың 10 наурызында Сырдария ауданы, Бірқазан бе­кетінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1958 жылы темір­жол дистанциясында жұ­мысшы ретінде бастап, 1969 жылы Өскемен жол құрылыс институтын ин­женер-механик мамандығы бойынша бітірді. 1969-1996 жылдар аралығында Қы­зылорда қаласындағы №2585 автоколоннасында ме­ха­ник, №3 автотранспорт кә­­­сіп­орнында директордың орын­­басары, «Трансагентство» кәсіп­орнының бастығы қыз­меттерін атқарған.
ҚР «Еңбек ардагері», ҚР «Құрметті автокөлікші» төсбел­гісінің иегері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<