Фото: ашық дереккөз
Пәкістанның Ауғанстан шекарасына жақын Пешавар қаласындағы мешітте болған жарылыстан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Жарылыстан зардап шеккен100-ге жуық адам ауруханаға жеткізілген, соның ішінде 10 адамның жағдайы ауыр.
Жарылысты жанкешті түскі намаз кезінде өзін жарып жіберген. Ол кезде мешітте шамамен 250-дей адам болған. Мешіт учаскелік полиция бөлімшесінің жанында орналасқан.
Бұған дейін жарылыстан 19 адам қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<