Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде төмен сырғып, 12-ші орынға жайғасты.
Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар.
Ал бүгін медальдар санын 7 алтын, 2 күміс, 4 қолаға жеткізген Жапония спортшылары жалпы есепте көш басына шықты.
Екінші орынға бүгін Қытай құрамасы көтерілді. Олардың еншісінде 6 алтын, 6 күміс, 2 қола жүлде бар.
Үздік үштікті әзірге 5 алтын, 8 күміс, 4 қола медальмен Франция құрамасы түйіндеп тұр.
Жалпы, әзірге Париж Олимпиадасының жүлделеріне 34 мемлекеттің спортшылары қол жеткізіп үлгерді.
Айта кетейік, 30 шілдеде Париж Олимпиадаcында қазақстандықтар спорттың бес түрінен — стендтік ату, дзюдо, бокс, суға жүзу және садақ атудан, брлығы жеті спортшы жарыс жолына шықты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<