Перзентханада ауысып кеткен екі бала 35 жыл өткен соң отбасыларымен кездесті

816

0

Павлодар облысының екі тұрғыны 35 жасқа келгенде перзентханада өздерін ауыстырып жібергенін білді. Екі баланың ата-аналары қателік жіберген перзентхананы сотқа берді. 

Нариман Хамитов пен Ержан Қуанышев 1985  жылы 8  шілдеде  Железинка перзентханасында өмірге келген. Екі ер бала да отбасында алғашқы бала болған. Бұл туралы жергілікті журналист Салауат Игіліков  Instagram  парақшасында жазды.

Оның айтуынша, оларға бала кездерінде ата-аналарына ұқсамайтындарын айтқан. Алайда олар оған назар аудармаған. Көп жыл өткен соң екі азаматтың ортақ таныстары екеуінің ата-аналары ұқсайтынын айта бастаған.

«Осы сөздерден кейін Нариман Павлодарға барып,   ДНК тест тапсырды. Нәтижесі барлығын таң қалдырды. Нәтижесі — 99,99% болып шықты, яғни ол басқа адамның ұлы екені анықталды. Содан соң анасына сәйкестік тест тапсырды, ол да солай болып шықты. Бұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, Нариман мен ата-анасы да қатты таң қалды», — дейді  Наримананың жұбайы Хамитова Махаббат.

Балалардың перзентханада ауыстырылғаны белгілі болған соң ер адамдардың отбасылары кездескен. Олар өзара және қорғаушымен кеңесіп, аурухананы сотқа берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<