Польша аумағына екі зымыран құлады

504

0

Украина шекарасынан 8 шақырым қашықтықтағы ауылда екі зымыран құлап, екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZET радиосына сілтеме жасап.

Радио мәліметінше, поляк құтқарушылары ауылдағы жарылыс дерегін растаған, бірақ оның себептері туралы ештеңе айтпаған.

Оқиға орнында полиция, прокуратура және әскер жұмыс істеп жатқаны атап өтілді.

Премьер-министр Матеуш Моравецкий оқиғаға байланысты Министрлер кеңесі мен Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің шұғыл отырысын ұйымдастырды. Ол сондай-ақ жергілікті БАҚ-ты расталмаған ақпаратты жарияламауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<