Пробация қызметінің міндеті есебінде тұрған азаматтардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқына бақылау жүргізумен қатар аталған азаматтардың әлеуметтік жағдайын оңтайландыру мақсатында көмек түрлері көрсетеді.
Бұл бағытта Қармақшы аудандық пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдармен бірлесіп өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізуде.
Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісовтың айтуынша ағымдағы жылдың екі айында аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сегіз сотталғанға медициналық көмек алуға көмек көрсетілсе, жеті сотталған психологтың қабылдауынан өткізіп, екі адамды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілген. Және де аталған санаттағы азаматтар арасында өз кәсібін бастауға ниет білдірген 7 азаматтың құжаттары «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлтық жобасы аясында «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына жолданды. Оқыту курсы маусым айында басталады деп күтілуде дейді әділет майоры Ж.Жүнісов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<