Қалада 10 санақ учаскесі ашылды

655

0

Биыл Ұлттық халық санағы екі кезең бойынша өтеді. Қазіргі таңда, «Қазақстанда әркім маңызды!» атты девизі мен логотипі бекітілді. Ерекшелігі – электронды формат арқылы өткізілуінде.

– Санақ екі кезеңнен тұрады. Маусым айынан бірінші немесе дайындық кезеңі басталды. Мұнда тұрақты тұратындар санын нақтылай отырып, тұрғын үйлердің, ғимараттардың және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау, сондай-ақ әр елді мекен үшін картографиялық материал нақтыланады. Ал 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында екінші кезең, тұрғындарды жаппай халық санағынан өткізу жұмыстары жүргізіледі, – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.


Халық санағының I кезеңін өткізу мақ­сатында 42 нұсқаушы, 24 нұсқаушы-бақы­лаушы және 166 сұхбатшы уақытша жұмысқа қабылданып, оқытылды.


– Бүгінде Қызылорда қаласында 10 санақ учаскесі ашылып, мектептерден каби­неттер бөлінді. I кезеңдегі сұхбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша об­лыстық ішкі істер департаментіне тиісті ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, санақ кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жа­сайды. Бұл елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір. Сондай-ақ, 8 8000 800 878 нөмірі жұмыс жасайды. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін, – деді департамент басшысы.


Респонденттер кез кел­ген арыз-сауалмен немесе кеңес алу үшін бюроның stat.gov.kz интернет-ресурсына, бюро басшысының блогына, сондай-ақ, әлеу­меттік желілер арқылы (YouTube, Facebook, Instagram, Telegram) жүгіне алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<