Қалалық парк: ғасырлық жылда ғаламат кейіпке енбек

208

0

Биыл қалалық мәдени және демалыс саябағы толық жөндеуден өтуде. Жауапты – «BiGlobal» ЖШС. Ондағы құрылыс жұмыстары туралы мекеме мастері Қуаныш Назаровтан білген едік.

Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сай қалалық саябақтар, демалыс орындары сынды мәдени ошақтар күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылатыны айтылған еді.

«Қаламызда халық демалатын, әсіресе жаздың аптабында саялайтын орын аз. Сондықтан каникул кезінде, кешкісін тұрғындар балаларын ертіп баратын, алаңсыз демалатын, үлкен-кішіге бірдей ыңғайлы, қауіпсіз саябақтар, парктер көп әрі қолжетімді болуы керек», деген болатын облыс әкімі.

Аймақ басшысы атап өткен­дей, жаңа парк немесе демалыс орнын салудың қажеті жоқ, қолдағы барымызды көгал­дан­ды­рып, тазалап, абаттандырған өте тиімді. Жаңа аттракциондар, ойын алаңдарын, субұрқақтар салу сая­бақтарды  көріктендіреді.

Қалалық парк: ғасырлық жылда ғаламат кейіпке енбек

Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сай қалалық саябақтар, демалыс орындары сынды мәдени ошақтар күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылатыны айтылған еді.

«Қаламызда халық демалатын, әсіресе жаздың аптабында саялайтын орын аз. Сондықтан каникул кезінде, кешкісін тұрғындар балаларын ертіп баратын, алаңсыз демалатын, үлкен-кішіге бірдей ыңғайлы, қауіпсіз саябақтар, парктер көп әрі қолжетімді болуы керек», деген болатын облыс әкімі.

Аймақ басшысы атап өткен­дей, жаңа парк немесе демалыс орнын салудың қажеті жоқ, қолдағы барымызды көгалдандырып, тазалап, абаттандырған өте тиімді. Жаңа аттракциондар, ойын алаңдарын, субұрқақтар салу сая­бақтарды  көріктендіреді.

«Алысқа бармай-ақ, орталық алаңды мысалға келтірейік. Аз уақытта қала тұрғындары бас қосатын, демалатын жайлы мекенге айналып үлгерді. Қазан айынан бастап жұмысты қолға алыңыздар. Келесі жылдың 1 мамырына дейін қаладағы барлық демалыс орын­дары, атап айтқанда орталық парк, Қорқыт ата, Б.Шөкенов, Тұңғыш Пре­зидент атындағы, «Теміржол» сая­бақ­тары жұртшылыққа қолайлы етіп қайта жасалуы керек. Балалар ойын алаңдары, аттракциондар қойылып, тозығы жетіп тұрған тұстары жаңартылуы, жарық­тандырылуы тиіс.

Аттракциондардың басым бөлі­гін тұрғындарға қолжетімді, яғни тегін етсе, кейбірі ақылы қызмет көрсетеді. Көптеген от­басының ірі сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына балаларын апаруға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті демалыс орындары қаланың әр аумағында болуы керек» деп толықтырды облыс әкімі.

Жалпы, қалалық парк аумағы 6 гектарды құрайды. Мұнда биыл жаңадан 20 аттракцион қойылады. Аттракционды Қытайдан ал­дыруда, қазір жолда. Сонымен қатар парк аумағына 20 мың шаршы метр брусчатка төселеді. Жолы велосипед пен жүргіншілерге лайықталып жасалады. Бастысы, ашық аспан астында амфитеатр болады. Онда 200 метр орындық 4 қатардан қойылады, сыйым­дылығы 300 адамға шақталған. Паркте 8 субұрқақ орнатылады. Оның екеуі субұрқақтар жиынтығынан тұра­ды. Аттракциондардың ішінде ең ерекшесі – телекомпат, шолу дөңгелегі (колесо обозрения), пират, карусельдер. Бұрын қалада бала­ларға арналған бетонды скейтпарк алаңы жоқ болса, енді паркте салынады. Ойын алаңы, автожол және  спорттық жаттығуларға арналған орын, шағын футбол алаңы, қысқасы балаларға барлық мүмкіндік қарастырылады. Демалушыларға арналған орындықтар да көптеп қойылады. Қазіргі кезде парктің жаңа кейіпке енуіне 100-ден аса жұмысшы, 15 техника жұмылдырылған.

– Жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұрынғы келбеті толық өзгертіледі. Көріп тұрғаныңыздай, бәрін сүріп тастадық. Енді қала тұрғындары, қонақтары мен бала­ларға заман талабына сай демалыс паркі қызмет көрсететін болады. Мұнда тек ескерткішті қалдырдық. Бірақ айналасы түгелдей қайта жаңғыртылады. Жаңа плиталар төселеді, – дейді Қуаныш Назаров.

Тағы да айта кетерлігі, парктің алдыңғы бөлігінде орналасқан кіреберіс қақпасы да алынып тасталады. Орнына жаңа қақпа бой көтереді. Сонымен қатар жапон стилінде саябақ ашылады. Оның ерекшелігі көпір және сәнді қақпада.

– Парк аумағындағы ағаштар сол қалпында қалды. Оған қосымша жаңадан жергілікті 530 түп ағаш отырғызылады. Сонымен қатар 10 түрлі 30 мың  түп гүл егіледі.  Тамақтану орындары да жаңадан ашылады. Бұрын мұнда ескірген, талапқа сай емес шағын кафелер болатын. Бәрін де алып тастадық. Енді заман талабына сай, тамақтануға арналған орындар ашылады. Нақты айтар болсақ, 10 дүңгіршек пен 2 кафе салып, кәсіпкерлерге ұсынамыз. Сонымен қатар құрылысқа қажетті материалдардың 90 пайызы жергілікті кәсіпкерлердің өнімі. Бұл дегеніміз – бәсекеге қабілеттілік күшейіп келеді деген сөз,  – дейді ол.

Құрылыста уақыт пен сапа қатаң бақылауда.

Сара АДАЙБАЕВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<