Бүгін Жосалы кентіндегі Тәуелсіздік саябағының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Молшылық маусымында ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жаз бойы күтіп-баптаған өнімдерін аудан тұрғындарына ұсынды. Атап айтқанда, жәрмеңкеге 8 тонна сыр маржаны, 19 тонна картоп, 12 тонна бақша өнімдері, 10 тонна мал азығы, 1 тонна сүт өнімдері, 0,5 тонна макарон, 0,5 тонна сиыр еті және тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдерінен 60 тоннадан астам өнім әкелінді.
Диқан қауымының маңдай тері мен елдің дәмі бар, экологиялық таза өнімдерді сатып алуға ағылған жұртшылық, мәре-сәре сауда жасады.
Жәрмеңкені аралаған аудан басшысы Қайрат Нұртай ала жаздай атыз жағалаған диқандар мен төрт түлігін түлеткен шаруалардың еңбегіне жеміс тіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<