Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесі, 29, жеке тұрғын үйде түскі 13.30 кезінде 27 литрлік газ баллоны жарылып, 144 ш.м. жер өртке оранып, 4 адам қайтыс болды: С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999ж.).
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 ж.туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған. Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер,1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтты. «Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр.Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!» деді фейсбук парақшасында өңір басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<