Қармақшыда жаңа автовокзал салынуда

967

0

Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков Жосалы кентінде жаңадан құрылысы жүріп жатырған автовокзалдың жұмысымен танысты.

Жосалы кентінен заман талабына сай жаңа автостанция салу үшін кәсіпкердің бастамасымен «Ақмаржан» автовокзалының құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда аудан тұрғындары мен қонақтары ауданаралық (облысішілік) маршруттар бойынша «Ақмаржан» диспетчерлік пункті арқылы тасымалдануда.

Құрылыс нысанын аралап көрген аудан әкімі жауапты сала басшыларына басталған құрылыс жұмыстарын уақытылы сапалы аяқтауды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<