Қармақшының «Ақтөбе» ауылында дән себілді

774

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Ақтөбе ауылдық округінде болып шаруашылықтардың жұмыс барысымен танысты.

Алдымен ауылға кіре берістегі «Оңталап» шаруа қожалығының бастамасымен егілген 1,6 га жерге орналастырылған жасыл белдеу аймағындағы атқарылған жұмыстарды көрді.

Биылғы жылы әрбір ауылдық округтердің аймақтарында жасыл белдеулерді және агроаймақтарды қалыптастыру міндеті қойылған болатын.

– Ауылдық елді мекендердің айналасында тазалықты сақтап, көркейту –көгалдандыру жұмыстарын үнемі жүргізіп отыру әрбіріміздің міндетіміз. Бұл жұмыстар күн тәртібінен түспеуі керек. Жас ағаш көшеттерін отырығызып аяқ-су арықтарын жүргізу, шаруашылықтармен бірлесіп атқарылатын жұмыстарды назарда ұстап ауылдың гүлденіп дамуына үлес қосуымыз қажет, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.

Жасыл белдеуде атқарылған жұмыстарымен танысып шыққан кейін, Аралбаев Әбдіхамит басқаратын «Оңталап» шаруа қожалығының көктемгі дала жұмыстарына дайындығын аралап көрді. Сонымен бірге карантиндік санитарлық талаптарды сақтай отырып ауыл ақсақалдарымен жүздесті.

Мұнан әрі аудан басшысының сапары «Ақтөбе и К» ЖШС шаруашылығында жалғасып, Нұрлан Іздібаевпен кездесіп қырман басындағы күріш ақтау зауытының жұмыстарын аралап көрді.

Сонымен қатар «Ақтөбе и К» шаруашылығына қарасты егін алқабындағы көктемгі дала жұмыстарымен танысып, ауылдың ардагерлерімен бірге алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.

Сапар қорытындысында аудан әкімі ауылдың сыртында орналасқан агроаймақтың жұмысын көріп, ауылдық округі

әкіміне тиісті жұмыстарды әрі қарай жандандыру мақсатында тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<