Қазалыда балаларға арналған шара өтті (фото)

857

1

Кеше Қазалыда Балалар жылына орай «Біз бақытты баламыз» атты салтанатты шара өтті.
Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде өткен шараға оқуда озат атанған оқушылар мен спорттық жарыстарда шашасына шаң жұқтырмаған жүйріктер қатысты.

Шара басталмас бұрын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев үздік шәкірттермен бірге өнерлі оқушылардың қолымен жасалған көрмелермен танысты.
Сахна шымылдығы Қарабалаевтар жанұясының өнерлі ұл-қыздарымен бірге шырқаған әсем әнімен түрілді.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы балаларды мерекемен құттықтап, ыстық лебізін жеткізді.

– Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі екені белгілі. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Дүниеде баланың у-шуына жетер не бар?! Одан асқан сазды әуен ойлап табу мүмкін емес» дегені есімізде. Балалы үйді базарға теңеген бабалардың сөзі де санамызда.
Осыған орай елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен көптеген игі істер атқарылып жатыр. Олардың басым бөлігі, әрине, болашағымыз балаларға арналған. Әсіресе, Сіздердің дұрыс білім алуға, жақсы демалыс ұйымдастыруға, спортпен шұғылдануға қабілеттеріңізді шыңдауға бар мүмкіндік қарастырылған.
Бүгінде, осы бағытта ауданымызда білім ошақтары, шағын орталықтар, балабақшалар жүйелі жұмыс жасауда. Бірінші кезекте балалардың сапалы білім алуына көңіл бөлініп, барлық мектептер замауи үлгідегі техналогиялармен жабдықталуда. Өңіріміздегі жаңа мектептер мен балабақшалар да жас қазалылықтардың тәлім мен тәрбиені жақсы жерде алуы үшін салынып жатыр, – деген аудан басшысы үздік оқушыларды «Алғыс хатпен» марапаттады.

Салтанатты шарада өнерлі оқушылар әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<