Қазалыда егін жинау науқаны аяқталуға жақын

830

0

Қазалы ауданында егін жинау науқаны өз мәресіне жетіп қалды. Бүгінде аудан диқан-механизаторлары өздері күтіп-баптап өсірген Сыр салысын төкпей-шашпай жинап алуда.

Егін егумен айналысатын шаруашылық құрылымдары қырмандарына егістік басынан күріш тиелген жүк көліктері әлі де толассыз ағылуда.

Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Рза – Агро» мен «Сыр маржаны» ЖШС-ның қырмандарына арнайы барып, күріш ору жұмыстарының барысымен танысты.

Аудан басшысы алдымен Ақтан батыр ауылындағы «Сыр маржаны» ЖШС тқырманына жол тартты. Мұхтар Әуесұлын қырман басында серіктестік директоры, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев өзі күтіп алып, күзгі жиым-терін барысында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

– Серіктестік диқандары биылғы жылғы егілген Сыр маржанынтөкпей-шашпай, ысырапсыз шаруашылық қоймасына жинап жатыр. Бұның барлығы ерте көктемнен бастау алып, жазайларында, шіліңгіршілденің аптапты ыстық күндерінде тер төге еткенерен еңбектің арқасы деп білеміз, – деген шаруашылық басшысы қазіргі таңда орын алған қиыншылықтар жөнінде де айтып өтті.

Ғ.Мұратбаев ауылындағы «Рза – Агро» ЖШС-ның қырманында да қызу жұмыстар жүріп жатыр.

Қазіргі таңдағы қызу жұмыстар жайында серіктестіктің бас агрономы Нұрлан Наурызбаев айтып берді.

Бас агрономның айтуынша «Рза – Агро» ЖШС 2187 гектар жерге күріш еккен. Олардың арасында «Лидер», «Янтар», «Премиум» және жергілікті «Сыр сұлуы» сорты бар. Серіктестік бойынша күріш ору 15 қазанда, бастыру 17 қазанда аяқталады деп жоспарлануда. Күріштің өнімі жаман емес. Гектарына орташа 50 центнерден шығуда.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қырман басында тынымсыз еңбек етіп жатқан жұмысшыларға сәттілік тілеп, егілген ел несібесін дер кезінде жинап алуға тілектестігін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<