Білім саласында да, азаматтық ортада да мемлекеттік тілді үйрететін ғылыми тұрғыда негізделген әдістеме керек. ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Елбасының осы шаруаға ҚХА Ғылыми-сарапшы кеңесі атсалысуы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ХХІ ғасыр адамзат үшін алтын ғасыр бола алмады. Халықаралық сарапшылар алдағы болашақта жаңа жаһандық дағдарыстың туындайтыны туралы көбірек айта бастады. Бұл дағдарысты коронавирус пандемиясының тіпті үдедетін түрі бар. Экономикалық қиындықтар әлбетте саяси, әлеуметтік, этникалық және діни проблемаларды да қозғайтыны сөзсіз. Құрлықтардың бәрінде қақтығыс көбейіп кетті. Олардың қай-қайсы да жаһандық сипатқа ие болып кетуі мүмкін. Экономикалық дағдарыс пен пандемияның салдары әлеуметтік проблемаларды ушықтырып, ұлтаралық қарым-қатынасқа да салқынын тигізуі әбден ықтимал», – деді Жансейіт Түймебаев ҚХА Ғылыми-сарапшы кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша бұл ретте Қазақстандағы да бірқатар жағдай этносаралық саясатқа жан-жақты талдау керектігін көрсетіп берген.
«Жаңа әдістемелер мен амалдар керек. Әрине, Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдың ішінде орасан зор жұмысты атқарды. Ұлтаралық қарым-қатынас саласында мемлекеттік саясат жүргізетін уәкілетті орган – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту комитеті құрылды. Оның жанында сонымен қатар тұңғыш рет құрылған қолданбалы этносаяси зерттеулерді жүргізу орталығы жұмысын бастады. Одан бөлек Қоғамдық келісім бірлестігінің де жұмысы қызу», – деді ол.
Жансейіт Түймебаев ұлтаралық қарым-қатынас білім, мәдениет, тіл саясаты саласындағы көптеген жұмысты жүргізуге тікелей байланысты екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Елбасы ассамблея кеңесінде жаңа инклюзивті саясатқа сұраныс барын мәлім еткенін еске салды.
«Мемлекеттік тіл біріктіруші факторға айналуға тиіс. Ол еліміздің бірлігін бекемдей түседі. Бізге білім саласында да, азаматтық ортада да мемлекеттік тілді үйрететін ғылыми тұрғыда негізделген әдістемесі керек. Елбасы бұл тұрғыда тапсырма берді. ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі бұл жұмысқа өз үлесін қосуы тиіс», – деді ол.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<