Қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялау басталды

363

0

Сурет: wikimedia

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте қазақстандықтарды Газа секторынан эвакуациялау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 44 азаматтан тұратын бірінші топты эвакуациялау 13 қарашаға жоспарланған.

«Оның құрамында 40 Қазақстан азаматы және төрт шетелдік – олардың отбасы мүшелері бар. Эвакуацияланғандар қатарында біздің елден басқа тағы тоғыз елдің: Марокко, Иордания, Ресей, Испания, Швеция, Перу, Нидерланды, Ұлыбританияның өкілдері бар. Рафах пункті арқылы бүгін барлығы 594 адамды эвакуациялау жоспарланып отыр. Оның ішінде 44 азаматымыз бар (40 қазақстандық және олардың төрт отбасы мүшесі – ред.), – деді Айбек Смадияров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<