Республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің Photooner.kz сайты қайта іске қосылды.
Бұған дейін жұмысы тоқтап тұрған сайтқа жаңа айдарлар қосылған.
Сайт мақсаты – Қазақстандағы фотография саласын дамыту. Бүгінгі күні, еліміздегі жалғыз ғана фотография саласындағы қазақ тілді қоғамдық бірлестіктің сайты болғандықтан сіздердің жанашырлық танытып,саналы да сапалы, мәнді де мағыналы дүниелер жариялануына,бізбен бірге атсалысуларыңызды сұраймын», – дейді бірлестік төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<