Батыс Қазақстан облысында «Қазпошта» АҚ филиалы бөлімшелерінің бірінде 33 млн астам теңге жымқырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ҚР ҚК 189-бабына сәйкес тергеу жүргізілуде.
«Пошта бөлімшесіне бір ЖШС өкілі қаржы аударған. Бұл қаржы одан әрі осы ЖШС есепшотына аударылуы керек болған. Алайда осы қаржының бір бөлігі қолды болған. Келтірілген шығын көлемі 33 млн 142,706 млн теңгені құрады. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады ведомстводан.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<