Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар!

309

0

Судағы қауіпсіздікті сақтамау салдарынан облыс су айдындарында азаматтардың қайғылы оқиғаларға ұшырауы орын алуда. Ауа райының жоғары температурасы әлі де біраз сақталатыны өздеріңізге мәлім.

Құрметті үлкендер мен балалар!

        Осы орайда бақытсыз жағдайлардан аулақ болу үшін судағы қарапайым ережелерді сақтауларыңызды өтінеміз. Атап айтқанда:

  • Тыйым салынған және бейтаныс жерлерге шомылуға, көпірлер мен жағалаулардағы бөгетшелерден және қайықтардан суға секіруге болмайтынын;
  • Катты ыстықта және қараңғы батқанда, тамақтанғаннан кейін және терлеп тұрғанда, сонымен қатар спирттік ішімдік ішкеннен кейін  суға түсуге тыйым салынатынын;
  • Шектейтін арнайы белгілерден асып кетуге болмайтынын;
  • Қараусыз қалған немесе техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолдануға болмайтынын  ескертеміз!

Құрметті ата-аналар мен үлкендер!

Суға жағасындағы демалыстарыңызда шомылып жүрген балаларды бақылаусыз қалдыруға болмайтынын еске саламыз.

Осы ережелерді сақтамау су қоймаларында қайғылы жағдайдың жиі болуына соқтырады.

Суға түсу ережелерін сақтап дұрыс пайдаланғанда ғана  су өмірдің қуанышы мен рахатын, денсаулық күші мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны анық!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<