Фото: pixabay.com
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 2 наурыз күні 19:01-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 272 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 10.2. MPV магнитудасы – 4.7. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<