Қытай халықаралық коммерциялық ғарыш айлағын салды

338

0

Фото: LUO YUNFEI/CHINA NEWS SERVICE

Қытайдың Хайнань аралында елдегі ғарыш аппараттарына арналған бастапқы әмбебап ұшыру алаңының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды China Daily.

«Чанчжэн», «Куайчжоу» және «Цзелун» сұйық зымыран қозғалтқыштары (LPRE) бар зымырандардың 10-нан астам түрі ұшырылатын алаң жылдам ұшыру режимімен жабдықталған.

Бұл тиімділікті айтарлықтай арттырып, ұшыруға дайындық уақытын қысқартады. Белгілі болғандай, жаңа әмбебап ғарыш айлағы небәрі бір жарым жыл ішінде салынған, жұмыс 2022 жылдың қазан айында басталды.

Жаңа ұшыру алаңынан сұйық отынмен ұшатын зымыранның бірінші ұшырылымы биыл шамаланып отыр. Пайдалануға берілгеннен кейін тек коммерциялық миссиялар үшін жасалған ұшыру алаңы — Қытайдың бесінші жерүсті ұшыру қондырғысы болады.

Жоба Қытайдың аэроғарыш ғылыми-технологиялық корпорациясы, Қытайдың аэроғарыш ғылым және өнеркәсіп корпорациясы және Қытай жерсерік желілері тобының қатысуымен жүзеге асты.

Нысандардың құрылысын Қытайдың аэроғарыш құрылыс тобы жүргізген. Коммерциялық алаңнан өзге Вэнчаньдағы Хайнань аралында мемлекеттік ғарыш айлағы да бар (2009 жылы салынып, 2016 жылы пайдалануға берілген).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<