Қытайда өрттен 26 адам көз жұмды

433

0

Фото: China Photos

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында өрттен 26 адам мерт болды. Kazinform бұл туралы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт бүгін таңертең Шаньси провинциясының Люйлян қаласындағы көмір өндіру мекемесінің кеңсе ғимаратында тұтанған.

Қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр.

Xinhua ақпараты бойынша, 70 адам эвакуацияланды, оның 63-і ауруханаға жеткізілді.

Өртке не себеп болғаны анықталып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<