Қытайдың Цзянси провинциясындағы көпқабатты үйде болған өрттен 39 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.
24 қаңтар күні күндіз сағат 15:30 кезінде Цзянси провинциясының Синьюй қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқару жұмыстары жалғасып, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
The Paper басылымының хабарлауынша, оқиға салдарынан 39 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды.
Ғимаратта қалып қойғандар да бар. Қаза тапқандар саны артып жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<