Қызылорда облыстық сотында семинар өтті

792

0

Бүгін, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі мен Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өткізілді.

Соттар әкімшісі басшысының орынбасары М.Асанованың төрағалығымен өткен оқу семинарға облыстық, аудандық соттардың кеңсе меңгерушілері мен қызметкерлері,«Азаматтарға арналған үкімет» кәсіпкерлік емес акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалының мамандары онлайн режимде қатысты.

Төрағалық етуші семинар сабағын ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, алғаш болып баяндама жасау үшін талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы О.Қожаеваға  сөз берді.

Баяндамашы «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты енгізілген өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда Гаага Конвенциясының 5-бабына сәйкес, апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күші бар.

Сонымен қатар қызметті мемлекеттік органда немесе корпорацияда алуға болады. Ол үшін қажетті құжаттарға құрамына өзгеріс енбеді, бірақ 2008 жылға дейін тегі өзгертілген болса қызмет алушылар құжаттарын өздері ұсыну керек, 2008 жылдан кейін құжаттарды біраңғай базадан қызмет беруші алатынын айтты.

           Келесі болып осы бөлімнің бас маманы А.Қазбеков «Е-Өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы тақырыбында баяндама жасады.

  Баяндамашы «Е- Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жасап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірегей жүйе, бұл жүйе арқылы келіп түскен өтінішті қабылдаудан бас тартуға болмайтындығын ескертті.

 Ақпараттық жүйемен сот органдарының жұмыс жасау тәртібі басқа органдарға қарағанда өзгеше екендігін,  соттарға түсетін өтініштердің басым көпшілігі іске қатысты және процестік заңнама аясында шешілуге жататындығын, Сондықтан шешім бөлігін толтырарда мұқият болу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ баяндамашы алдыңғы жылы 105 өтініш түскендігі туралы статистикалық мәлімет келтірді.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ерекшеліктері туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Г.Каликова баяндама жасады. Баяндамаға сәйкес сотқа берілетін әкімшілік талап қоюдың түрлеріне, ерекшеліктеріне тоқталды. Кодекстің басты ерекшеліктері – соттың белсенді рөлі қағидаты, мемлекеттік органдармен медацияға келу және сот шешімін орындамаған жағдайда ақшалай өндіріп алу туралы айтты.

Қатысушылармен тақырыптар бойынша талқылау жүргізіліп, төрағалық етуші семинарды қорытындылады.

 Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<