«Қызылорда – Жезқазған»: қоғамдық тыңдаулар өтеді

745

0

«Қызылорда – Жезқазған» автожолы жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар еліміздің екі облысында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті 2020 жылғы 8 және 12 маусым аралығында «Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының ұзындығы 412 шақырымды құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» (12-424 шақырымы) учаскесін қайта жаңарту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мен «Қоршаған ортаға әсер етудің алдын ала бағасы» жобасын ашық жиналыста талқылау мақсатында қоғамдық тыңдауларды өткізеді», – делінген ИИДМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қызылорда облысында қоғамдық тыңдауды өткізу мерзімдері мен орындары:

– 2020 жылғы 11 маусымда сағат 16:00-де, Қызылорда қаласы, Достық үйі ғимараты.

– 2020 жылғы 12 маусымда сағат 10:00-де, Сырдария ауданы, Тереңөзек елді мекені, Мәдениет үйі ғимараты.

– 2020 жылғы 12 маусымда сағат 16:00-де, Шиелі ауданы Шиелі елді мекені, «Арман» мәдениет үйі.

Қарағанды облысында қоғамдық тыңдауды өткізу мерзімдері мен орындары:

– 2020 жылғы 8 маусымда сағат 11:00-де, «НұрОтан» партиясының Жезқазған қаласы бойынша филиалының ғимараты.

– 2020 жылғы 8 маусымда сағат 16:00-де, Талап елді мекені, №14 мектептің ғимараты.

– 2020 жылғы 9 маусымда сағат 10:00-де, Ұлытау ауданы, Ұлытау елді мекені, Абай көшесі, 27.

– 2020 жылғы 9 маусымда сағат 17:00-де, Ұлытау ауданы Мибұлақ елді мекенінің клуб ғимараты.

«Сонымен қатар, Қызылорда және Қарағанды облыстарында 2020 жылғы 16 мамыр мен 22 маусым аралығында сауалнама түріндегі қоғамдық тыңдаулардың өтіп жатқандығын еске саламыз. Қоғам өкілдері тарапынан ұсыныстар мен шағымдар электронды түрде қабылдануда. Сауалнама Қызылорда облысында 2020 жылғы 16 мамыр мен 13 маусым аралығында, Қарағанды облысында 2020 жылғы 22 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді», – деп аталып өткен ведомство мәліметінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<