Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 20-22 қаңтар аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 219 дерегі, оның ішінде: жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 13 дерегі, ҚР-да автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бұзудың 3 дерегі, заңсыз қайта жабдықтаудың 16 дерегі, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеген 9 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 34 жүргізуші, ұялы телефонмен сөйлескен 38 жүргізуші, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған 4, маневр жасау ережесін бұзған 41, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған 12 жүргізуші анықталып, тиісті әкімгершілік хаттамалар толтырылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<