Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйдің екінші қабатынан екі жастағы сәби құлап кетті.
Оқыс оқиға облыс орталығындағы «Шұғыла» мөлтек ауданында болды. Ата-ана бақылауынсыз қалған сәби екінші қабаттағы терезеден құлап кетті.
«Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Жыл басынан бері дәл осындай үшінші жағдай тіркеліп отыр. Былтыр 7 жағдай тіркеліп, 1 бала қаза тапқан.
Әділжан ҮМБЕТ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<