Қызылордада өрт оқиғасы азайып келеді

732

0

Аймақта өрт оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 21,8% азайған. Бүгінде алдағы жылу беру маусымы кезіндегі өрт оқиғасының алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданған. Мәселен тамыз және қазан айларының аралығында өңірде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланып, жауаптылар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіруде. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

««Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында департамент қызметкерлері әр аптаның сәрсенбі, жұма және сенбі күндері түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ жағдайы төмен отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы сатып алу процесі ұйымдастылып жатыр. Өрт қауіпсіздігі бойынша 97 отбасының жылыту пештеріне жөндеу қажет етсе, 42 тұрғын үйдің электр желілерінің тозығы жеткен», – деді Руслан Қайрақбаев.

Департамент бастығы одан әрі жаңадан бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны іс-шаралары» жол картасына тоқталып, картаға енген іс-шараларды тарқатып берді. Айтуынша жергілікті бюджет есебінен қарастырылған қаржы бойынша 6 іс-шара орындалған. Сондай-ақ «Халықты және Қызылорда облысының басқару органдарын құлақтандырудың кешенді жүйесін құру» жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі уақытта Қызылорда қаласында 25 құлақтандыру құрылғысы орнатылып, аудандар бойынша Шиелі және Жаңақорғанға 10 құрылғы қойылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<