Қызылордалық журналистер үздіктер қатарында

661

0

ҚР ИИДМ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Тәуелсіздік күніне орай БАҚ өкілдері арасында байқау өткізді.

Конкурсқа елдегі жол саласына қатысты тақырыпта қалам тербеген қаламгерлерден барлығы 285 материал келіп түскен. Соның ішінде «Ең үздік телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша «Qyzylorda» облыстық телеарнасының редакторы Дәулетхан Ағайдаровтың «Жолшының бір күні» атты репортажы қазылар алқасымен үздік деп танылды. Байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған әріптесімізге орталықтың бас директоры Замир Сағынов 200 мың теңгенің сертификатын табыстады.

Қызылордалық журналистер үздіктер қатарында

Сондай-ақ, «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы, жас публицист Ержан Қожас «Әлеуметтік желідегі үздік жазба» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрініп, екінші орынға берілген 150 мың теңгенің қаржылай жүлдесін иемденді. Осылайша өңір жолдарын саралап, жолшылар жұмысын насихаттаған қызылордалық журналистер қаламгерлер аламанында оза шауып, аймақ мерейін үстем етті.

Жүзден жүйрік шыққан әріптестерімізді осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ҚОФ

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<