Оқиға Норильск әуежайында болған. Борт ішінде 79 жолаушы отырған, деп хабарлайды ТАСС.
Мәскеу-Норильск бағыты бойынша ұшатын «Сібір» әуе компаниясының Airbus 321A ұшағы Норильск қаласына қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен.
— Алдын ала мәлімет бойынша Н.Н.Урванцев атындағы Норильск халықаралық әуежайында Мәскеу қаласынан ұшып келе жатқан «Сібір» әуе компаниясының Airbus 321A ұшағы қонуы аяқталғаннан кейінгі бұрылыс кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті, – делінген Батыс Сібір көлік прокуратурасының хабарламасында.
Ұшақ бортында 79 жолаушы болған. Әуе кемесі уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Мәскеуге қайтар рейс үшін резервтік ұшақ бөлінді, ұшып шығу сағат 15:30-ға жоспарланған.
Норильск көлік прокуратурасы ұшу қауіпсіздігі заңнамасының орындалуына тексеру ұйымдастырып, кешіктірілген рейсті күту кезінде жолаушылардың құқықтарын сақтау бойынша қадағалау шараларын жүргізіп жатқаны аталып өтті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<